Биылғы жылдың соңына дейін Қарағанды облысындағы 500 көпбалалы отбасы баспаналы болады. Оның ішінде 120 пәтерді «Қазақмыс» корпорациясы алып бермек. Бұл облыстық әкімдік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Қазақмыс» арасында жасалған үшжақты меморандум аясында жүзеге асады. Жүздеген адамға бақыт сыйлаған тарихи келісім мен сол қуаныш иелерін келесі материалымыздан көріңіздер.
Спикерлер: Эдуард Огай - «Kazakhmys Holding» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы; Төлеген Оспанқұлов - ҚР ЕЖХӘҚМ Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары.