«Қазақмыс Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тағы 46 көпбалалы отбасыға баспана сыйлады. Бұл жолы компания кәсіпорынның Балқаштағы нысандарында жұмыс істейтін қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстады. Корпорация баспанамен қамтудың арнайы әлеуметтік бағдарламасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қарағанды облысы әкімдігімен бірлесе іске асыруда. Еске салсақ, бір апта бұрын «Қазақмыс» Сәтпаевта көпбалалы отбасыларға пәтер сыйлаған болатын. Тақырыпты Алмас Амангелді жалғастырады.