«Қазақмыс» көпбалалы отбасыларға пәтер сыйлауды жалғастыруда. Жезқазғанда кәсіпорынның 40-тан астам қызметкері жаңа баспананың кілттеріне ие болды. Ал, жақын уақытта қоныс тойын тойлаушыларға тағы 30-дан астам көпбалалы жанұя қосылады. Еске салсақ, облыс әкімдігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен жылжымайтын мүлікпен қамтудың бағдарламасы өткен жылдан бері жұмыс істейді.