Металлургтер марапатқа ие болды

Металлургтер күні қарсанында «Қазақмыс» корпорациясынын Балқаш мыс балқыту зауытындағы 180 қызметкер марапатқа ие болды. Олардың арасында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан ардагерлер мен жас мамандар да бар. Сонымен қатар, салтанатты жиында Даңқ мемориалының ашылуы болды. Ескерткіште зауытқа еңбегі сіңген жұмысшылардың есімдері жазылған. Айта кетейк, биыл Балқаш мыс балқыту зауытына 80 жыл толып отыр. Кәсіпорында жоғары сапалы мыстан бөлек алтын, күміс,және күкірт қышқылы өндіріледі. 

Спикер: «Kazakhmys Smelting» ЖШС БМЗ мыс балқыту цехының аға шеберi - Мұхтар Сұлтанғазин.

Другие выпуски телепроекта