Цой Алексей Владимирович
ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының басшысы
27524 31.10.22, 18:40
Алексей Цой 1977 жылы 2 сәуірде дүниеге келген
Білімі:
Sells College-ді (Лондон), Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының Корпоративтік басқару жоғары мектебін бітірген.. Стэнфорд университетінде (АҚШ), Сингапурда, Мәскеуде, Германияда, Ұлыбританияда және т.б. тағлымдамадан өткен. Іскерлік басқару докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.
Еңбек өтілі:
2001-2007 – хирург-эндоскопист, Реконструктивтік хирургия және трансплантология орталығының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ішкі аурулар орталығының жетекші ғылыми қызметкері.
2002-2004 - GlaxoSmithKline фармацевтикалық компаниясының Астанадағы аумақты дамыту жөніндегі менеджері.
2006-2009 – «Еуразиялық тыныс алу қоғамы» ҮЕҰ бас хатшысы.
2007-2010 жж – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.
2010-2011 - «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (мемлекеттік саяси қызмет), «Қазақстан Республикасы ПІБ Медициналық орталығының Хабаршысы» журналының бас редакторы.
2011-2017 жж - Астана қаласы әкімдігінің No1 қалалық ауруханасының бас дәрігері.
2017-2019 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі.
2019-2020 – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығының меңгерушісі.
2020 жылғы 22-25 шілде аралығында – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.
2020 жылғы 25 шілдеден бастап – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.
2021 жылғы 20 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.
2022 жылғы 31 қазанда ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды.