Есімханов Сұңғат Қуатұлы

Павлодар облысы әкімінің орынбасары

17024
Есімханов Сұңғат Қуатұлы

Сұңғат Есімханов 1973 жылы 30 қарашада Павлодар облысында дүниеге келген.

 Білімі:

1996 г. – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

2007 ж. – «Болашақ» институтын бітірген, мамандығы – заңгер.

 Еңбек жолы:

1996-2000 жж. – «Қазақстан алюминийі» АҚ инженері, экономист-нормалаушысы, екінші дәрежелі экономисі.

2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары

2003-2004 жж. –  Астана қаласы бойынша Жиынтық талдау және үйлестіру департаменті өңірлік бөлімшелері қызметін үйлестіру басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша Әкімшілік және аумақтық департаменті аумақтық, кадр жұмысы және мемлекеттік тілді дамыту және аударма басқармасының бастығы.

2004-2007 жж. – Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Маңғыстау облысы және Қарағанды облысы бойынша департаментінің директоры.

2007-2008 жж. – Астана қаласы «Игілік групп-ХХI» ЖШС-ның қаржы директоры.  

2008 ж. – «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» РМК бас директорының орынбасары.  

2008-2010 жж. – Павлодар облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.  

2010 жылдың маусымынан – «Қазақэнергиясараптама» акционерлік қоғамының президенті.

2013 жылдың тамызы – 2014 жылдың тамызы – ҚР ИЖТМ Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры.  

 2014-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы.

2018 жылдың 26 қарашасынан – 2020 жылдың 4 ақпанына дейін  – Қазақстан Республикасы Энергетика министрі.  

2020 жылдың 5 ақпанынан –  Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

Мемлекеттік наградалары: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу