Қазақстан автоөнеркәсібі жаһандық жеткізушілермен қоян-қолтық жұмыс істеуге тиіс

8380

Қазақстандағы автокомпоненттік базаны дамытудың белсенді сатысына көшу қажет.

Қазақстан автоөнеркәсібі  жаһандық жеткізушілермен қоян-қолтық жұмыс істеуге тиіс

Бүгінгі таңда автокөлік өніміндегі жергілікті қамту үлесінің арту үрдісі байқалады. Сала бойынша жерсіндіру көрсеткіші шамамен  36%. Жеңіл көлік, жүк көлігі, автобустарға да қатысты жерсіндіру түрленіп отыр. Мысалы, автобустар бойынша Қазақстанда жергілікті қамтудың орташа үлесі шамамен 51%. Отандық өнімді жерсіндіру – жергілікті өндірістің автокомпонентін пайдаланумен жасалған технологиялық операциялар, сондай-ақ  КО елдерінің аумағында шығарылатын машина комплект қондырмасы есебінен іске асады. Бұл аккумуляторлық батареялар, майлар және отын фильтрлері. Компоненттеушілер белгілі  бір қондырманы өндіруге дайын болғанда  бастама туындайды. Мысалы, жүк көліктеріне шанақ орнату. Сонымен қатар коммуналдық техникаға  аспалы жабдық шығаратын қондырғы орнатушылар да бар. Жалпы біздің өндірушілер кедендік одақ ережесі бойынша КО елдер аумағында өндірілетін компоненттерді қолдана алады. Бұл біздің автозауыттар үшін үлкен демеу. Бірақ Қазақстанда да автокомпоненттік база өндірісін дамытудың белсенді сатысына көшу керек. Нақты айтар болсақ, өндірісті ұйымдастыруға  инвесторларды  тарту, Қазақстанда автокомпоненттерді дамытудың жаһандық мемлекеттік стратегиясын қабылдау керек. Инвесторлар біздің ресурстарға қызығушылық таныту үшін бізге тек субсидиялар мен гранттарды ғана ұсынбай, кез келген елге келуге ынталандырушы фактор өткізу нарығы болып табылатынын естен шығармау керек. Жергілікті өндірушілердің дайын өнімі нарығына қолжетімділікті ашып қана қоймай,тұтынушыларды қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету үшін  қайталама нарыққа да жол ашу керек. Бүгінгі күні біздің нарықтың сыйымдылығы 3,5 млн бірлік. Бұл жеткіліксіз. Сондықтан ЕАЭО нарығына да жол ашу керек. Қазақстандық өндірісті дамытып, қосалқы бөлшектер нарығын қорғау бойынша шаралар қабылдап, контрофактілік өнімді енгізумен және жасырын импортпен күресу бойынша жұмысты күшейткен дұрыс. 

Біз дамыған елдерге қарап, олардың көбісінің өз өндірісін дамытуға қатысты ұстанымын қаншалықты қайта қарағанын көріп отырмыз. Мысалы, БАӘ-ны алайық. 10 жыл бұрын бұл ел кез келген өндіріс түрінен бас тартқан болатын. Ал қазір өзін тек туристік деп танытқан Дубай екі жыл болды өндірушілерді өндірісті іске қосу үшін керемет мүмкіндіктер ұсынып отыр. Елдің ішінде экспорттық әлеуеті бар кез келген өнімді шығармайтын болсақ, онда үнемі валюталық шабуылға тап болып отырамыз. Біз бұны көріп, бастан өткергенбіз. Дағдарыстан кейін автонарық алты есе түсіп кетті. Қазір автоөндірушілерге бірігіп, өз нарығымызды жоғалтып алмайтын уақыт туды. Дағдарыс барлығын  шарпып өтті және мемлекеттің автоөнеркәсіпке қатысты саясаты қайта қаралды. Біз автокомпоненттерді дамытуға көшудеміз. Бұл автоөнеркәсіпті одан әрі дамытудағы басты кезең. Серіктестердің саны жетеді, оның ішінде Қазақстанда автокомпоненттерді өндіруді орналастыруға дайын қытайлық серіктестер де бар. Сондай-ақ олар қайталама нарықты да қамтамасыз етпек. Біздің отандық конвейерлер де мұндай қадам жасауға дайын. Бұл бағыттағы қарқынды динамика нәтиже әкеледі. Осыған сәйкес қазақстандық автоөнеркәсіптің үлесі өседі. Жеткізушілер жерсіндіру процесіне кіріктірілген болу керек. Сондықтан Қазақстан автоөнеркәсібі жерсіндіру үлесін арттыру және жергілікті қазақстандық жеткізушілерді дамыту мақсатында жаһандық жеткізушілермен жақсы жұмыс жасауға тиіс.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу