Дамудың жолы даңғыл болса да, үдеріс іркіліссіз өте алмайды

7814

Күн сайын өсіп келе жатқан жұмыссыздардың қатарын көбейту мен асырау бюджетке ауыр және қауіпті.

Дамудың жолы даңғыл болса да, үдеріс іркіліссіз өте алмайды

Революция ілгерілеудің қозғалтқышы деп дұрыс айтады. Мұны дер кезінде түсініп, жаңа жағдайға бейімделген елдер бар, сондай-ақ жаңа жағдайға төзе алмай қалған елдер бар.

Қозғалту күші бумен жүретін машиналар болған ең алғашқы өндірістік революция адамзат баласына XVIII ғасырда келіп, қолмен жасалатын шаруаны машинамен жасауға көшірді. Еділ өзенінің жағасындағы атақты кеме сүйреушілердің орнын бу қозғалтқышы бар буксирлер басты.  Бұл революциядан қалыс қалмай келе жатқан елдер осы машиналарда жұмыс істеу мен сервис үшін қымбат тұратын мамандарды әкелуге мәжбүр болды. Бұл ілгерілеу жұмысшыларды жұмыссыз қалдырып, нәтижесінде машиналар мен агрегаттарды қиратқан луддиттердің қозғалысы пайда болды.

Электрлендіруді негізге алған екінші революция индустрияландыруға және қоғам үшін оң және теріс салдары бар конвейер типті өндірістерді құруға әкелді. Тұтынудың уақытша өсуі пайда болып, көптеген тауарлар мен қызметтер қолжетімді болды. Алайда содан кейін бұл қайта өндіруге, тұтынудың төмендеуінен жұмыс орындарының қысқаруы мен жұмыскерлер арасындағы келеңсіздіктер негізінде туындаған экономикалық және саяси дағдарысқа әкелді.

XX ғасырдың екінші жартыжылдығында цифрландыру дәуірі туды. Ол цифрлық революция деп аталды. 2016 жылы компьютер ГО ойынының әлемдік чемпионын жеңіп, компьютердің стратегиялық тұрғыдан ойлай алатынын көрсетті. Компьютерлер өздігінен үйретуші болды, ал бұл адамзатты 4-өндірістік революцияға көшуге, яғни 4.0 индустриясына әкелді.

Бұл өндіріске киберфизикалық жүйені енгізуді меңзейді. Яғни физикалық, биологиялық, цифрлық жүйе арасындағы шек жойылып, оларды бір желі астына біріктіру жүріп жатыр. Ол жерде адамдар мен құрылғылар арасында тікелей қарым-қатынас, шешімдерді жылдам қабылдау, жаңғырту, бейімделу жүріп, қателіктер мен жоғалтулар көлемі азаюда.

Көптеген дамыған елдің тәжірибесінен көріп отырғанымыздай,  4.0 индустриясының салдарынан жұмыс орындары қысқарып, жастар арасындағы жұмыссыздыққа әкелді. Бұл ретте робаттандырудың иелеріне жұмысшылар үшін жағдай жасамау, адами факторды алып тастау, өндірістік күш пен өндірістік қатынас арасында болмай қоймайтын жанжал тәуекелі болмаған тиімді. Алайда қоғам үшін адамның қалыпты, ауыр жұмыстан босап қалуы қауіпті. Бұл жұмыссыздыққа әкеледі.

АҚШ-та бұл проблеманы сандық жеңілдету саясаты есебінен шешті. Яғни үкімет қарыз қағаздарын шығарады да, оны Федеральдық жүйенің долларларына айырбастайды, содан кейін оны  өмір сүру деңгейін қолдау мен басқа да жобаларды қолдауға салады. Алайда бұл да уақытша шара. Қарызға өмір сүруге болады. Бірақ та бұл барлық елге бірдей қолжетімді емес. Біреудің істегенін екіншісі істей алмайды. Бүгінгі күні әлемде тек Англия, Еуроодақ, ҚХР, АҚШ, Жапония ғана тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізе алады.

Қалған елдер, оның ішінде Қазақстан да өз бюджетін толықтыру үшін өздігінен жұмыс істеуге немесе ақша жетпесе оны шетелден алуға тиіс.

Қазір әлеуметтік реформа аясында техникалық мамандықтарға бөлінетін грантты 40%-ға арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар көптеген жастар арнайы орта білім мекемелерінде тегін оқып жатыр. Бұл жақсы. Бірақ мемлекет осы мамандар 4.0 өндірістік революциясы енгеннен кейін қайда баратынын ойлау керек.

Күн сайын өсіп келе жатқан жұмыссыздардың қатарын өсіру мен асырау бюджетке ауыр және қауіпті. Бүгінгі күнгі ИИДМБ бағдарламасына әзірге сенуге болмайды, өйткені көптеген кәсіпорынның жүктемесі толық емес және осы өндірістің экспорттық мүмкіндіктері әлсіз болуынан дамудың келешегі бұлыңғыр. Ауыл шаруашылығының адамдарды жұмысқа тартуы аз, ал жаңа технологияларды енгізу жұмыскер санын тағы қысқартады. Қаладағы адамдарды роботтар ығыстырып шығарады. Әр саладағы жүргізуші, журналистер, нотариустар, даяшылар,  сатушылар және т.б жұмыссыз қалады деген сөз.

Жан-жақты алып қарағанда үкімет бұл жағдайдан шығудың жолын ауыл мен қалаларда жаппай кәсіпкерлікті дамытудан, ҚХР-дан өндірістік кәсіпорындарды көшіру барысында индустрияландыру, АӨК-тің ірі кластерлік жобаларын дамытудан көріп отыр.

Кейбір қадам дұрыс, ал кейбірі  даулы мәселе. Бұл жерде көбісі орындау сапасына байланысты болады. Егер бюджет есебінен оқытылған жаңа кадрлар еңбек нарығында қажет болмай қалса, онда бұдан күрделі мәселелер туындайды.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу