Теңгенің құлдырауына Ресейдің саяси ойыны да әсер еткен болуы мүмкін –сарапшы

7402

Мақсат Халықтың ойынша, Ұлттық банк теңгенің долларға қатысты бағамын 400-ге жеткізбеуге тырысады. 

Теңгенің құлдырауына Ресейдің саяси ойыны да әсер еткен болуы мүмкін –сарапшы

GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халық inbusiness.kz сайтында теңге бағамы және оның әлсіреуіне әсер еткен факторлар туралы пікірімен бөлісті.

"Теңгенің жағдайын айтатын болсақ, расымен де, теңге 400-дің маңайына бір-ақ барды. Бұның негізгі себебі, әрине, ОПЕК+ келісімінің өз нәтижесін бере алмауы. Нәтижесінде Ресей тарапы мен Сауд Арабиясы жағынан нақты келісімнің орын алмауы. Мұнай баррелі бағасының 31 долларға дейін құлауы себеп болып отыр. Бұл негізгі фактор. Одан кейін, әрине, рубльдің өзі кеше 75 рубльге дейін құнсызданғанын байқадық. Егер бұл жағдайды қарайтын болсақ, Қазақстандағы теңге бағамы 400-ден асып жығылуы керек еді. Бүгіннен бастап KASE жұмыс істей бастады: сондықтан қор биржасында нақты бағасы белгіленеді. Бұл жерде бәрі бір Ұлттық банктің араласуынсыз болмайды. Менің ойымша, интервенция жасалынады. Себебі теңгенің долларға қатысты бағамын 400-ге жеткізбеуге тырысады деп есептеймін.Бұл межеден асып кетсе, бұл белгілі дәрежеде психологиялық белгі халық үшін. Бұл кері әсер етуі әбден мүмкін. Оның үстіне қазірдің өзінде қалыптасып отырған девальвациялық күтулерді одан әрі күшейтуі мүмкін",  деді ол.

Халық сонымен қатар Ұлттық банк  интервенциялық қадам жасауы мүмкін дегенді айтып қалды. Оның сөзінше, пайыздық мөлшерлеме көтерілуі мүмкін.

"Келесі аптада базалық пайыздық мөлшерлеме қайта қарастырылып бекітілетін болады. Бұл жерде де Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін осы теңгені тұрақтандыру үшін. Ал енді,жалпы, бұл жағдайдың орын алуына әлемдегі Қытайдағы коронавирустың өршуі , оның әлем елдеріне тарауы да өзінің септігін тигізіп отырған жағдайы бар. Осы факторлар мұнайдың, минералды ресурстар бағаларының төмендеуіне септігін тигізді. Себебі, оларға деген сұраныс азайды. Көптеген мемлекеттерде өндіріс қысқарып жатыр. Бұл негізгі фактор. Мұнайға деген осындай қысымның болуы да сол ОПЕК+ келісімінде тағы да мұнай өндірісін қысқарту керек деген ұсыныс көпшілікке ұнамай қалған болу керек. Екінші мәселе бар: бұл жерде Ресейдің де геосаяси жағдайдағы өзінің саяси ойыны да болуы әбден мүмкін. Сондықтан да алдағы уақытта бұл процесс қалай өрбиді соған да байланысты", деді экономист.

Табиғат Нұрболат 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу