Ұлттық банк қауіптің астарын аңдамай отыр

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
2979

Белгілі экономист Алмас Шоқин Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін төмендетуіне қатысты түсініктеме берді.

Ұлттық банк қауіптің астарын аңдамай отыр

–  Жаһандық қауіп пен теңгенің төмендеуі кезінде базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін төмендету қаншалықты дұрыс деп есептейсіз?

 –  Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің қазіргі төмендеуін тек болжап қана қойған жоқ, оны одан әрі қарай төмендетпекші. Рас, қаншалықты төмендейтіні нақты айтылған жоқ. Бұл шешімге екі түсініктеме беруге болады. Біріншісі, Ұлттық банк инфляцияны шектеудің ресми саясатына сүйеніп отыр. Инфляцияны жеңіп жатырмыз, алғашқы нәтижеге қол жеткіздік, сондықтан мөлшерлемені одан әрі қарай төмендетуге болады. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Бірақ мәселеге басқа қырынан қарайтын болсақ, онда мұның барлығы оңай шаруа емес. Біріншіден, Ресейдің Орталық банкінің негізгі 7,25 пайыздық мөлшерлемесіне қатысты диспаритет әлі күнге дейін бар. Яғни Ресейдің рублі арзан, ал теңге онымен салыстырғанда қымбат. Менің ойымша, Ұлттық банк көп жағдайда Ресейді басты назарға алады, себебі теңге 2014 жылғы жағдайды қайталап, шектен тыс нығайып кетпеуі керек деген қорқыныш бар.  Өйткені рубль төмендеп, теңге долларға қарсы тұра алатын болса, теңгенің долларға қатысты бағамы нығайып кетеді. Қазір арақатынас өзгерді және бұл арақатынас ұзаққа бара ма, жоқ па сол мәселе болып тұр. Қазір Ресейдегі жағдай түсініксіз, оларда рубльдің үш бағамы, яғни айырбастау бағамы, биржа бағамы және Орталық банк жариялайтын бағам бар. Теңге мен рубль жұбын тең жағдайға келтіретін бір құрал – базалық мөлшерлеме.

Мен бұған дейін де айтқанмын, қазір де қайталап айтамын, негізі Ұлттық банк теңгенің нығайғанын қаламайды. Бұл жерде әңгіме үлкен девальвация жайында емес, бірақ  қалыпты рубль дегеніміз не және жыл сайын қалыпты рубль бізде неге әртүрлі деген сұрақ туындайды. Егер соңғы жылдардағы орташа бағамды алатын болсақ, онда теңге нығайған. 2015 жылы девальвацияның әсерінен теңге 350-360 долларға дейін көтеріліп кетті. 2016 жылы 330 теңгеге дейін түсіп кетті, ал осы жылдың басында бағам мүлдем құлдырады.  Жалпы баға маңызды емес, Ұлттық банк бір доллардың 310-320 теңге болғанын емес, керісінше, 330-340 теңге шамасында болғанын қалайтын тренд маңызды.

Екіншіден, Ұлттық банк экономикаға көмек жасап, коммерциялық банктерге ақшаны Ұлттық банкте жинау тиімсіз болу үшін ақшаны арзандатқысы келеді. Әрине қазір банктерге Ұлттық банктен еш тәуекелсіз кепілдендірілген табыстылықты алған тиімді.

 – Қазір біз долларға көп мән береміз, мүмкін рубльге  басымдық берген дұрыс шығар?

– Жоқ, шын мәнінде, қайсысына мән беру керектігі бұл күрделі арифметика, себебі біз үшеуіне де тәуелді болып отырмыз. Егер бір бағамды түсіретін болсақ, екінші жағы көтеріледі. Мұның басты себебі біздің негізгі экспортымыз мұнайдың  доллармен сатылатындығында. Екінші экспорттық бағыт – уран, мыс, алюминий, темір де доллармен сатылады. Рубльге байлаулы болып, долларды ұмытамыз деуге болмайды, себебі рубль халыққа және ШОБ-қа керек, ал ірі компанияларға рубль емес, доллар қажет. Ірі компаниялар әлемдік экономикамен жұмыс істейді. Ресей бізден мұнай мен металл сатып алмайды, мұндай экспорт олардың өзінде де бар, бұл жағынан біз ағайынбыз десек те болады.  Бір валютаға сүйеніп отыруға болмайды, барлығын есепке алған дұрыс. Бұл ретте Ұлттық банк үшін инфляция маңызды, ал қалғанын көре жатармыз. Алайды Ұлттық банк экономика деңгейін басқа жолмен де жоғалтуға болатынын жақсы түсініп отыр.

– Жыл басынан бері базалық мөлшерлеме инфляциядан жылдам төмендеп келе жатыр. Бұл экономика субъектілеріне, оның ішінде депозиттердің пайызы инфляцияға тәуелді банктерге қалай әсер етуі мүмкін. Банктер депозиторларға артығымен төлеп отыр ма?

– Әлбетте, әйтпесе адамдар банкке ақша салмайды. Депозит бойынша мөлшерлеме депозиторлар пайда көру үшін үнемі инфляциядан сәл жоғары болуға тиіс.  

– Банктерге мөлшерлемеге қарағанда  инфляцияның баяу төмендегені тиімді ме? Айырма айтарлықтай болады ғой.

 – Жоқ, барлығы дұрыс, өйткені банктер несиені жоғары пайызбен береді. Ал бұл нақты мөлшерлеме деп аталады. Қазір банктің орташа несиелік мөлшерлемесі ең жақсы деген ұсыныста шамамен 12-14%. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі 9,25%. Үстінен табатын үш пайызға банк өз шығындарын жауып, егер қарыз алушы борышты қайтармаса деген сияқты тәуекелге аударым жасау керек. Ақшаның құны деген түсінік бар. Егер банк депозит алатын болса, мысалы, компаниядан 10%-ға алып, несиеге 13%-бен беріп, арасындағы айырмаға "өмір сүреді".

–  Әлемдік нарықта одан әрі өзгеріс болмайтындай шартпен теңгенің долларға қатысты бағамы қандай деңгейде нығаяды деп болжауға болады? Сіздің Ұлттық банк доллар бағамының 340 теңге болғанын қалайды дегеніңізді қалай түсінеміз? Сонда бағам қолдан жасала ма?

 –  Ұлттық банк 2015 жылы теңге-доллар жұбының белгіленген бағамынан еркін нарықтық бағамға көшті. Қазір Ұлттық банк инфляциямен күресіп отыр. Бағамдар екінші немесе үшінші деңгейдің туындысы. Теңгенің қымбат болуы импортты ынталандырады. Себебі тауарды шетелге шығару, сатып алуға қарағанда  тиімді болады. Теңге арзандаған кезде өзіміздің экономиканы дамыту үшін ынта пайда болады.

– Ұлттық банктің инфляцияны төмендету арқылы экономиканы ынталандыру жағдайынан шығатын жолын көріп отырсыз ба?

– Қазір Ұлттық банк қолдан келгеннің барлығын жасап отыр. Біздің орталық банктің базалық мөлшерлемені алдағы уақытта да төмендету туралы айтқанын сынға алғым келеді. Ұлттық банк санкциялардан келетін қауіпті әлі толық түсінбей, төтенше жағдайларға жеңіл қарайтын сияқты. Ұлттық банк мұндай жағдай болды, енді барлығы дұрысталды деп ойлайды. Дұрысталған түгі де жоқ. Шын мәнісінде, барлығы енді басталып жатыр. Ресей экономикасында күрделі мәселелер бар. Ресей экономикасы әлемдік экономикаға аса тәуелді, егер алдағы уақытта бұл ел жойылып кетсе, әлем оны сезбей де қалады. Тек мұнай ғана жетпеуі мүмкін. Ресей әлемге басқа ештеңе шығармайды. Сондай-ақ  Ресей толығымен әлемге тәуелді. Өйткені ештеңе өндірмейді, жабдықтан басқаның бәрін тіпті дәрі-дәрмекке дейін шетелден әкеледі. Бұл жердегі күш тең емес. Әрине батыс Ресейге шеңгелін толық батыра алмайды, бұл қауіпті. Бірақ азуын көрсетеді. Кезінде КСРО-мен ешкім соғыспай, бірақ сөйлеспей қойған жағдайға қайта келеміз. Ресейдің технологиялық артта қалуы  қиын болады. Бұл жердегі мәселе – мұндай жағдайда Қазақстан не істеуі керек? Біз өзіміздің саясатымызды жүргізуге тырысамыз, бірақ та мұның да тиімді-тиімсіз тұстары бар.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу