Аbctv.kz дереккөзі мәліметі бойынша, бұл авариядан мердігерлік ұйымның бір жұмыскері зардап шеккен.
Сол, 26 наурыз күні "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) бас директорының қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Алексей Агуреев әлеуметтік желідегі өз парақшасында хабарлама жариялап, шатырдың опырылып құлауынан "адам өлімі мен зардап шеккендер" жоқ деп сендірді.
Осы жерде ҚР Еңбек кодексінің 187-бабына сәйкес, "жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы бір тәулік ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға, қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне, жұмыскерлердің өкілдеріне, жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына, жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына және арнайы тергеп-тексеруге жататын жағдайларда өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органдарына хабарлайтынын" түсіндіріп кеткен жөн.
Зардап шегуші қайтыс болғанда немесе жұмыскер жарақат салдарынан мүгедектік алған жағдайда шығындарды сақтандыру компаниясы көтереді. Ал уақытша жұмысқа қабілетсіздігіне байланысты кез келген жағдайдағы шығынды жұмыс беруші өтеу керек.
Кейде жауапкершіліктен жалтарып кету үшін, оның ішінде ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылудан сақтану үшін жұмыс беруші жазатайым оқиғаны жасырып, зардап шеккен адаммен келіседі де, жұмыскер жарақатты тұрмыстық жағдайда алған болып шығады.
Бір қарағанда бұл жақсы сияқты, жұмыс берушіге жаза қолданылған жоқ, ал жұмыскердің емделуге кеткен шығыны қайтарылады. Бірақ та кейін жұмыскердің алған жарақат салдарынан асқыну пайда болып, мүгедектікке шығатын жағдай орын алып жатса, онда бұл шығындарды жұмыс беруші өтемейді. Осы жылдың басында Теміртау қалалық сотында тап осындай жағдай қаралды. Қайта соттың зардап шегушінің жағында болғаны жақсы болды.
Енді нақты болған оқиғаға оралсақ.
29 наурыз күні зардап шегушінің ЖЭО- БАС-қа шағымданғанын abctv.kz дереккөзі тағы да дәлелдеді.
Бір апта өткеннен кейін, 5 сәуір күні, Алексей Агуреев әлеуметтік желідегі өз парақшасында осы оқиғаға байланысты өз ойын жазды.
Бұдан кейін зардап шеккен адамның өтініш көрсетілген, онда ол "үйінде жуынамын деп шәйнектегі ыстық суға күйіп қалғанын. Әйелінің аяғы ауыр болғандықтан, ол уайымдамас үшін өтірік айтқанын" жазған (Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталды).
Зардап шегуші өтінішінің көшірмесі директордың қолымен және фирманың мөрімен бекітілген. Одан кейін "Өтініш берушіге қысым көрсетілмегені" жазылған. Одан әрі қарай: "Сенімхат бойынша өкіл" деп көрсетілген. Яғни мердігерлік ұйымның дәнекерлеушісінде кенеттен жеке адвокат бар екені, адвокатта нотариалдық бекітілген сенімхат бар екені анықталды.
6 сәуір күні abctv.kz өзінің сұрағына Теміртау қаласының ТЖБ бастығы полковник Арман Алпысбаевтан ресми жауап алды.
12 сәуір күні Қарағандыда өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қарағанды облысының денсаулық сауқтау басқармасының басшысы Асқар Қарашаш, дәрігерлік құпия дегенді сылтау етіп, мердігерлік ұйымның жұмыскерінің "АМТ" ЖЭО-БАС шатырының құлауынан нақты өндірістік жарақат алғаны туралы фактіні растамады және нақтылаған да жоқ
Ал Теміртау қаласының шығыс полиция бөлімі "АМТ" ЖЭО-БАС мердігерлік ұйымының жұмыскерінің жарақат алу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
"156-бап. Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу
Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын осы қағидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адам жасаған, абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы , екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Тергеу органдары бұл істің анық-қанығанына жетеді деп үміттенеміз.
Олег И. Гусев
Редакцияның пікірі автордың пікірімен сәйкес болмауы мүмкін.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін