Миттал Қазақстандағы активтерін қашан сатпақшы?

30538

Келешектегі  2020 жылдан кейінгі "АрселорМиттал Теміртаудың" белгісіз  тағдыры, жаңа ирандық металлургиялық қуаттылық қашан іске қосылады?

Миттал Қазақстандағы активтерін қашан сатпақшы?

Соңғы уақытта жаһандық ArcelorMittal өзінің АҚШ және Еуропадағы өндірістік қуаттылықтарының жартысын сату немесе тоқтату бойынша  шешімдерді бірінен соң бірін қабылдауда.Бұл шешім оның өзі қалауы.

Алайда,  Митталдың Ирандағы белсенділігі мен Владимир Лисин мен Олег Сосковцтың жақында Теміртауға барған сапары үнділік миллиардердің – бұрынғы Қарағанды металлургиялық зауыты, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның  қазақстандық активтері келешегі туралы  мәселені тағы да көтерді.

Сонау 2008 жылы АМТ 4,3 млн. тонна болат шығарып, оның төрттен бір бөлігін, яғни, 1 млн. тонна прокатын Қытайға жіберетін. Тіпті, Митталдың жоспарында балқытуды  6 млн. тоннаға дейін арттыру болғантын. Бұл жоспардың жүзеге асуына, бірінші, әлемдік дағдарыс кедергі болса, содан кейін Қытайдың өзі де себеп болды. Қытайлықтардың қысқа мерзім ішінде өздерінің өндірістік қуаттылығын артқандығы соншалықты, АМТ-ның аспан асты еліне экспорты 2015 жылы 40 есеге, яғни 25000 тоннаға дейін түсті. Ал болат өндірісі былтырғы жылы 3,468 млн. тоннаны құрады.

АМТ-ның Қытай нарығында жоғалтқандардың орны санкция алынғаннан кейін Иранға тасымалдаулар жасауы есебінен біршама өтелді де, 2014 жылы 981 мың тоннаға және 2015 жылы 1,1 млн. тоннаға жетті. Барлығы жақсы сияқты еді, алайда, ирандықтар импортты алмастырумен толықтай айналыса бастады.

Тегеран-2016: барлық елдердің қонаққа келуі
Worldsteel бүкіләлемдік болат өндіру қауымдастығының мәліметі бойынша Иран Таяу Шығыста Түркиядан кейінгі ірі болат өндіруші болып табылады, ол 66 әлемдік өндірушілер тізімінде 13- орынға ие. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында жалпы әлемдік болат балқыту бір жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,8%-ға түскен. Иран осы уақыт барысында 5,2% қосты, ал маусым айында жаңа қуаттылықтарды енгізу арқасында мүлдем 11,3%-ға көтерілді.

Иран үкіметі мәлімдегендей, 2025 жылға қарай олар болат балқытуды 2015 жылғы 16,1 млн. тоннаға қарсы 3,5 есеге арттырып, жылына 55 млн. тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. Осыған байланысты "ұлттық металлургияға шетелдік инвесторлардың келуін құптайды".

Бұл құптауға корейлік Posco, италияндық Danieli, үнділік KIOCL компаниялары бірден жауап қатты. Ирандық үш кәсіпорында электрдоғалы пештер құрылысын салуға арналған ірі тапсырысты немістің SMS Group компаниясы алды.

Корейліктер 1,6 млрд. доллар инвестициясы бар металлургиялық зауыт құрылысы жобасына қатысуға келісімге қол қойды. Posco портты қала Чахбехарда 1,6 млн. тонна болат өндіретін ирандық Pars Kohan Diarparsian Steel (PKP) кәсіпорнымен бірлесіп акцияның 8%-ын алуды жоспарлап отыр.

Posco Иранға болатты өндірудің  FINEX  ( болатты балқыту үшін шикізат ретінде қолданылатын қалыпқа келген темірді темір рудалық ұсақты және коксталмайтын маркасын алу) және МЭЗ технологиясын беруді жоспарлап отыр

Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 1,6 млн. тоннаны құрауы керек. Одан әрі қарай онда суық илемделген прокат және мырышталған болаттың жылына 600 мың тоннасын өндіру бойынша желіні орнату жоспарланып отыр. Зауыттың портты қала Чахбехарда салынатын еске сала кеткіміз келеді, ал бұл қаланың порты "Солтүстік- Оңтүстік" көліктік коридоры негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Ал зауыт Иранға АМТ өндіріп және экспорттайтындай сұрыпталымды өндіретін болады.

Корейлік технология есебі туралы айтатын болсақ, Posco Engineering & Construction компаниясының құрылыс блогы ол жерде металлургиялық комбинатта болат өндіру барысында қалыптасатын газдар есебінен электр энергиясын генерациямен өндіру бойынша зауыт салуды жоспарлап отыр. Металлургия үшін жабдықтарды жеткізудің әлемдік ірі үштігіне кіретін италияндық Danieli тобы да ирандық тараппен жалпы көлемі 5,7 млрд.  болатын бірқатар келісімдерге қол қойды.

Шетелдік инвесторлардан ирандық меткомпаниялардың өздері де қалыспай жатыр. Mobarakeh Steel и Khouzestan Oxin Steel компаниялары елде мұнай-газ құбырлары құрылысында қолданылатын үлкен диамертрлі құбырлар үшін болат табақшалар өндірісін құруға бағытталған бірлескен жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды. Иранның  мұндай өнімге деген сұранысы жылына  1 млн. тоннаны құрайды. Бұл жобаны іске қосу Иранға бұл кешенде импорттық тәуелділіктен толықтай құтылуға мүмкіндік береді. Ал әзірге үлкен диамертлі құбырлар үшін табақша қазіргі уақытта осы "Арселор Миттал Теміртаудан" жеткізілуде.

Goodbye, Iran. Hello, Iran
Жоғарыда баяндалғандардың бәрін есепке алсақ, "Арселор Миттал Теміртау" жылына 1 млн. көлемде алатын ирандық нарықтан да айырылатыны белгілі болды. Осыған сәйкес 2-3 жылдан кейін АМТ қандай нарыққа шығады деген сұрақ туындайды? Ал бұған әзірге жауап жоқ.

Ең басты сұрақ: 2020 жылдан кейін жаңа ирандық металлургиялық қуаттылықтар іске қосылғаннан кейін Карметпен не болады?

Біріншіден, 2016 жылдың маусым айының ортасында Bloomberg ақпараттық агенттігі хабарлағандай, Иран елдегі болатты өндіру көлемі бойынша үшінші орындағы Esfahan Steel компаниясын жекешелендіруді жоспарлауда. Агенттік мәліметтері бойынша Esfahan Steel акциялары бастапқыда ирандық биржада ұлттық инвесторларға ұсынылған болатын, алайда оларды сатып алушылар табылмаған. Сонымен қатар, меткомбинатты сатып алуға Корея және Люксембург команиялары қызығушылық танытып отыр.  Негізінен алып қарасақ, бұл Posco  және  ArcelorMittal. 

Ал, екіншіден, 2016 жылдың наурызында Posco, Danieli және KIOCL компанияларынан кейін ArcelorMittal компаниясы да ирандық   Tourism Financial Group компаниясымен екі металлургиялық жобаға қатысу туралы келісімге қол қойып, ирандық нарыққа қатысуға нақты шешім қабылдаған. Біз бұл туралы 2016 жылдың 18 шілдесінде "Қазақстан миллиардер Митталға  қалай демеу көрсетуде" деген материалда жазған болатынбыз.

Негізінен ирандық бағытқа жіберілетін бір миллион тоннасыз да күн көруге болады, жылына 3 тонна болат өндіру АМТ-ға "өз бабында болуға" мүмкіндік береді. Алайда, Миттал өзі айтқандай, "бұл олардың тәсілі емес". Төменгі тиімді кәсіпорын үнділік миллиардерге қажет емес, ол олармен ешқандай өкінбестен құтылады. ЕАЭО және Иран арасында еркін сауданың уақытша зонасын құру тарапына қарай қозғалуды ескерсек, Иран жақын арада Қазақстанға өз металын экспорттай алатын болады.

 Еуропаның тоналуы

2011 жылдың шілдесінде Лакшми Миттал 2010 жылы еуропалық болаттың 48%-ын балқытқан оның компаниясы жылына 2  млн. тонналық қуаты бар Флоранждағы зауыттың екі домналық пешін сұраныстың төмендеуінен тоқтататынын айтқан болатын. Оның айтуынша, жоғары еңбектік және энергетикалық шығындар Францияны экономикалық тиімсіз жағдайға қояды.

"Францияда кәсіпорынның өндірістігін арттыру үшін АҚШ және Германиядағы сияқты энергетикалық шығындарды азайту қажет",- деді ол. Миталдың айтуынша,  Францияда жұмысшы күшінің құны Испаниямен салыстырғанда 20%-ға жоғары, ал еңбек заңнамасы өте қатал. Содан кейін "Peugeot и Renault тарапынан автотабақтарға деген сұраныстардың күрт төмендеуінен" Марсель жанындағы Фос-сюр-Мерде комбинатының қуатының 50%-ға төмендеуі туралы анонстар хабарланды. Оның артынша - "болат өніміне сұраныстың  кезеңдік төмендеуімен өндірісті оңтайландыру" үшін немістің Айзенхюттенштадында № 1 ДП тоқтату туралы хабарланды. 2011 жылдың қыркүйек айының соңында ArcelorMittal компаниясы Люксембургтегі Роданж және Шифланж қаладарындағы өзінің өндірісін жабу туралы хабарлады. "Біз өзіміздің жоғары шығынды зауыттарды жабамыз және шығыны аз кәсіпорындардың қуаттын тиімді қолдана отырып, нарықтағы өз үлесімізді жоғалпаймыз",- деп сол кезде Лакшми Миталл тура айтқан болатын. "Шығыны аздардың" қатарына дәл осы "Арселор Миттал Теміртау" кіреді, бірақ оның "тиімді қолданылуы" тек жұмыскерлердің қысқарумен ғана көрінді.

Оның артынша, ArcelorMittal компаниясының испандық Сестао қаласында  зауытты,  Домброве-Гурниче польша комбинатындағы екі домналық пешті және белгияның Льеже  қаласындағы жылына 3,1 млн. қуаты бар  ескі домналық пешті жабу бойынша жаңа жоспары хабарланды.

Француздық  "Альберт Рау"
ArcelorMittal компаниясының  Еуропада артық қуаттылықты қысқарту бойынша әрекеті кей кезде де үлкен жанжалға ұласып отырды, сондай жанжалдың бірі Францияда болды. Францияның өндірістік даму министрі Арно Монтебур бұл компанияны франция үкіметі өз елінде енді көргісі келмейтінін, "ол компания Францияны сыйламайды және 2006 жылдан бастап алдаумен айналысатынын"  айтқан болатын.

Ол, тіпті, Флоранж қаласындағы болат құю зауытын уақытша ұлтшылдандырып, басқа инвесторға сататынын айтып  ArcelorMittal компаниясына сес көрсеткен болатын. Жағдайды реттеу үшін Франция президентінің өзіне араласуға тура келген еді, бірақ та Николя Саркозиге Лакшми Митталды өз жоспарынан бас тартқызу мүмкін болмады.

Одан әрі қарай...
2016 жылдың наурыз айында   ArcelorMittal  Тринидад және Тобаго мемлекетіндегі өзінің Point Lisas метзауытының жабылуы туралы хабарлады. Ұлттық БАҚ хабарлағандай, бұл туралы, 2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың ақпан айларында компаниямен ақысыз демалысқа жіберілген 700-ден астам жұмыскердің пайдасына жергілікті сот шешім шығарып, олардың жұмыссыз бос отырған уақыттарын өтемақы төлеуді талап еткеннен кейін хабарланған. Ал, сол кезде ArcelorMittal кәсіпорынның таралуы туралы хабарлап, зауыт жұмыскерлеріне қатысты қандай да болмасын әлеуметтік міндеттерді атқарудан бас тартқан.

2016 жылдың сәуір айында ArcelorMittal өзінің  АҚШ- ғы Indiana Harbor металлургиялық комбинатындағы  ыстық илемдеу екі орнағының біреуінің жұмысын тоқтату туралы мәлімдеді. Оның жоспарлы өндірістік қуаты жылына 8,6 млн. тоннадан артықты құрайды, алайда, қазір ол жерде үш пештің орнына тек екі домналық пеш қана жұмыс істеуде. Бұл пештердің біреуінің тоқтауы алдағы уақытта шығарылымның қысқаруына әкелетіні белгілі. Мамандардың пікірінше, артық қуатты қатардан шығару процесі одан әрі жалғасады. Біздің көріп отырғанымыздай, Миталл өзінің кәсіпорнын кез келген елде оңай жаба салады, өйткені оны кәсіпорын жұмыс жасап жатқан елдің ұлттық металлургиясы емес, тек өзінің бас пайдасы ғана қызықтырады.

Лисин және Сосковец
Осы ретте Теміртауға NLMK тобының иесі Владимир Лисиннің және Ресейдің қаржылық-өндірістік тобы қауымдастығының төрағасы Олег Сосковцтың келуі Карметті Лакшми Митталдан сатып алу, экспроприациялау жайындағы тақырыпты қайта көтерді.

Екі атақты металлург қалаға жеке сапарымен келген болатын. Владимир Сергеевич өзінің 60 жылдық мерейтойын 1986 жылдан 1991 жыл аралығында "Карметкомбинатта" бірге істегендермен тойлауға келген еді. Олег Николаевич Теміртауға жыл сайын өзінің серіктестерімен кездесуге келеді, содан кейін бас қалаға барып бас металлургтің туған күнін тойлауға барады. Лисин комбинатта экскурсия жасау барысында өзінің осы жерде бөтен емесетігін көрсетіп,  АМТ бас директорымен құшақтасып жүрген болатын.

Сосковец зауытты аралауда өндіріс бойынша жергілікті директор Вадима Басинмен бірге қыдырды.

Екеуінің де сапары  кезінде журналистер олардан комбинатты сатып алу тақырыбына немесе қазіргі иесі жайында қандай да бір түсініктеме беруін өтінген болатын.

"Менің Қазақстанға әзірге бизнес қызығушылығым жоқ", - деп Владимир Лисин, бірден жауап беріп, тақырыпты жауап тастады.

Ал, Олег Сосковец бұдан бұрын да АМТ менеджметтіне қатысты пікірін жасырмайтын. Ол бірден тіке айтып салды. Алдымен еске  сала кетсек, 2010 жылы Қазақстан магниткасының 50 жылдығына арналған салтанатты жиналыста "карметкомбинаттың" бұрынғы директоры сол кездегі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бас директоры Франк Паннирдің жанына отырмауын қалаған болатын.

Олег Сосковцтың 2016 жылдың шілдеде айтқаны:

"Мен бүгінгі күнгі бар кемшіліктерді мамандарды даярлаудың сапасының төмендігіне емес, осы кәсіпорынның басшыларының қызметіне қатысты дер едім. Кәсіпорынды бұдан  әрі  басқалардан алшақтата беруге болмайды, қазіргі уақытта ол ресей нарығынан өзін алшақтатып алды. Мысалы, комбинат жоғарысапалы, жоғары технологиялық  көлік табақшаларын шығаруды тоқтатты, ал оны өндіру жыл сайын жетілдіріліп, соның арқасында жоғары сапаға қол жеткізілген болатын.  Комбинат көптеген ресейлік кәсіпорындармен қатым-қатынасын үзіп алды, оларда қайта қалпына келтіру керек. Ол технологияның деңгейін және өндірістің тиімділігін арттырады. Жұмыскерлерді қысқартуда үздіксіз бола бермеу керек, қандай да болмасын оптимум болу қажет. Ғимаратты, негізгі құрылғыларды, металлургиялық құрылымды дұрыс ұстаған жөн. Бұл жерде мамандардың, қаражаттың жұмсалуын белгілейтін комбинаттың иелері осы мәселеге назар аударуы қажет", - деді Олег Сосковец.

Жалпы бұның барлығы "Карметтің келесі иесі кім болады?" деген сұраққа жауап бермеді. Қазақстандық  ArcelorMittal компаниясындағы жағдай осы компанияның Алжирдегі компаниясының дамуына ұқсас.

 Алжирдегі жағдай

Кейіннен ArcelorMittal аталған LNM Group компаниясы 2001 жылы Аннаба қаласындағы  1970 жылдардың басында  кеңестік мамандардың көмегімен салынған El Hadjar металлургиялық комбинатының акцияларының бақылау пакетін сатып алған болатын. Кәсіпорын 2 млн. тоннаға дейінгі сорттық және табақ прокат өндіре алатын еді. Басқару сапасының қанағаттанарлықсыз болуынан, шикізатпен қамтамасыз етудің мәселелерінен және Алжирдегі азаматтық соғыстың басталуы салдарынан 1990 жылдың соңына қарай комбинат 10-20% қуаттылықты ғана қамтамасыз ете алды.

2006 жылы ArcelorMittal компаниясының Аннаба қаласындағы өндірісі 1,15 млн. тоннадан асып өзінің шектік деңгейіне жетті.  Бірақ 2005 жылы Алжир үкіметінің  ЕО-пен қауымдасуы туралы келісімге қол қоюынан кейін арзан еуропалық прокат тарапынан бәсекелестіктің әсерінен ArcelorMittal компаниясының өндірісі құлдырауға тап болды.

ArcelorMittal мәліметі бойынша 2014 жылы кәсіпорында барлығы 200 мың тонна ғана болат өндірілген, оның өзі де шығын болды. 2015 жылдың соңында  Миттал аталған активтен бас тартады.  Қазіргі уақытта кәсіпорынның акцияларының бақылау пакетіне ие IMETAL Алжирлік мемлекеттік компаниясы дәл қазіргі уақытта 700 млн. доллардан артық инвестициялық бағдарламалардың бірінші кезеңін іске асыруда. 

Оның 600 млн. доллары Алжирдің ұлттық банксімен бөлінген. Осы кезең барысында домналық пешті жаңарту,  коксхимөндірісін және аглофабриканы қайта қалпына келтіру, сонымен қатар прокаттық орнағын жаңарту   ұсынылып отыр.  Осы шаралардың барлығын жүргізу кәсіпорынның жылына  1,2 млн. тоннаға дейін болат және 1 млн. тоннаға дейін илемдік және арматураны өндіруін жоспарлайды.

Осыған байланысты ең маңызды нәрсе: қазіргі уақытта Алжирдің  прокат сұранысы 80%-ға импорт есебінен жабылуда.   Алжир үкіметінің айтуынша, Аннабадағы комбинатқа бақылауды 100% пайыз өздеріне алу, оларға елді болат өнімімен өздігінен қамтамасыз етудегі кезекті қадам болған.

Олег И. Гусев
Дереккөздері :
 metalinfo.ru, minprom.ua, usa.polpred.ru, rusmet.ru, metalindex.ru, worldsteel.org, eurasiancommission.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу