Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
10.7.2022 |
465-490 |
Forex Club
10.7.2022 |
450-515 |
DAMU Capital Management
10.7.2022 |
460-470 |
ГК «ФИНАМ»
10.7.2022 |
465-478 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
10.7.2022 |
7,20-8,20 |
Forex Club
10.7.2022 |
7,4-8,8 |
DAMU Capital Management
10.7.2022 |
7,5-8,0 |
ГК «ФИНАМ»
10.7.2022 |
7,25-7,80 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
10.7.2022 |
470-500 |
Forex Club
10.7.2022 |
450-500 |
DAMU Capital Management
10.7.2022 |
470-480 |
ГК «ФИНАМ»
10.7.2022 |
472-485 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
10.7.2022 |
69-72 |
Forex Club
10.7.2022 |
66-74 |
DAMU Capital Management
10.7.2022 |
66-70 |
ГК «ФИНАМ»
10.7.2022 |
69-70 |
Inbusiness.kz теңгенің доллар, еуро, юань және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (11-15 шілде)
4шілде - 8 шілдеге арналған валюта болжамы
Мұнай бағасының төмендеуі салдарынан теңгенің долларға қатысты бағамы бір апта ішінде 3 айлық минимумға дейін құлдырады. Шикізаттың арзандауына Қытай мен Еуропада коронавирустың өршуі және рецессия болады деген болжамдар себеп болды. Өткен аптаның басында Brent сұрыпты мұнай бағасы 98 долларға дейін төмендеп, бірақ аптаның соңында 106 долларға дейін көтерілді.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, "Альпари" аға сарапшысы:
Бір апта ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 3,2%-ға төмендеді. Құбылмалылық тағы да күшіне енді: инвесторлар үнемі өзгеріп отыратын сыртқы фон мен биржалық ахуалға тәуелді. Әлемдік капитал нарықтарындағы тәуекелге деген көзқарас бірқалыпты емес. Бір жағынан, инвесторлар кез-келген себепті желеу етіп "терең сатылымдарды" сатып алмақ. Екінші жағынан, бұл сатылымның жемісті болуы үшін жағдай өте тұрақсыз. Мұнай конъюнктурасы аптаның соңына қарай тұрақтанды. Brent баррелі 105,35 долларға саудалануда, бірақ әлемдік экономиканың құлдырауы салдарынан шикізатқа деген сұраныс төмендеуі мүмкін. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 465-490 теңге, бір еуро 470-500 теңге, бір рубль 7,20-8,20 теңге, бір юань 69-72 теңге шамасында болады.
Андрей Маслов, "ФИНАМ" КТ сарапшысы:
8 шілдеде аяқталған аптада қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамы әлсіреді, бірақ еуро мен рубльға қатысты бағамы нығайып, юаньға қатысты бағамы өзгеріссіз қалды. АҚШ ФРЖ-нің бірнеше шенеунігі қаржы-несие саясатын қатаңдатылатынын айтқаннан кейін, доллар нығайды. ФРЖ басқарушысы Кристофер Уоллер және Сент-Луистағы Федералды қор банкінің басшысы Джеймс Буллард бағаның өсуіне жол бермеу үшін шектеу саясатын жүргізу керек екенін айтты, олар АҚШ-тың әлі де рецессияның алдын алуға қауқары жетеді деген болжам жасады. Сонымен қатар Уоллер ФРЖ пайыздық мөлшерлемені шілде айында 75 базистік тармаққа және қыркүйек айында 50 базистік тармаққа көтеру арқылы инфляцияны төмендетпек деп мәлімдеді. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 465-478 теңге, бір еуро 472-485 теңге, бір рубль 7,25-7,80 теңге, бір юань 69,00-70,00 теңге теңге шамасында өзгеруі мүмкін.
Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скаут:
Қазақстан қор биржасында (KASE) аяқталған жұмыс аптасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 8,6 теңгеге нығайып, (+1,9%) 473,5 теңгеге дейін өсті. Мұнай нарығындағы ахуал теңгеге қысым көрсетті. KASE сауда-саттығында долларлық мәмілелердің көлемі 403 миллион долларға дейін төмендеді. Мұнай нарығы бір апта ішінде турбуленттілік аймағына кірді: алдымен Brent баррелі 110 доллардан 98,5 долларға дейін төмендеді. Осыдан кейін қалпына келіп, шамамен 105 долларға жеткендей болды. Доллар индексі бір аптада 107,79 пунктке, яғни 2002 жылдың қазанынан бергі максимумға дейін жетті. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір еуро 450-500 теңге, бір рубль 7,4-8,8 теңге, бір юань 66-74 теңге, бір доллар 450-515 теңге шамасында болады.
Мұрат Қастаев, DAMU Capital Management ЖШС Бас директоры:
Қытай мен Еуропада коронавирустың өршуіне және рецессия қаупіне байланысты бір апта ішінде Brent баррелі 10%-ға арзандап, 98 долларға дейін төмендеді. Алайда аптаның соңында 106 долларға дейін көтерілді. Мұндай динамикаға АҚШ-тағы жұмыссыздықтың маусым айында тіркелген көрсеткіштері ықпал етті. Өткен аптада АҚШ ФРЖ шілде айында пайыздық мөлшерлемені 50 немесе 75 пайыздық тармаққа көтеру жағы қарастырылатынынын мәлімдеді. Салдарынан АҚШ долларының индексі 107-ден көтеріліп, соңғы екі онжылдықтағы максимумдардан асты. Мұнай бағасының төмендеуі Ресей рублінің АҚШ долларына қатысты өсу тенденциясын бәсеңдетті, Ресей валютасы әлсірей бастады. Оның бағамы Ресей экономикасының нақты қандай жағдайда екенін көрсетті. Сондай-ақ рубльдың теңгеге қатысты бағамы да төмендей бастады.Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 460-470 теңге, бір рубль 7,5-8 теңге, бір еуро 470-480 теңге, бір юань 66-70 теңге болуы мүмкін.