Валюта болжамы: 16 мамыр - 20 мамыр

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
429,000

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
13.5.2022
427-437
Forex Club
13.5.2022
420-425
SoftLink
13.5.2022
424-444
DAMU Capital Management
13.5.2022
425-430
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,681

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
13.5.2022
6,40-6,90
Forex Club
13.5.2022
6,5-7
SoftLink
13.5.2022
6,45-6,9
DAMU Capital Management
13.5.2022
6,5-6,8
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
451,125

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
13.5.2022
445-455
Forex Club
13.5.2022
460-465
SoftLink
13.5.2022
440-464
DAMU Capital Management
13.5.2022
435-445
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
61,663

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
13.5.2022
64,00-65,00
Forex Club
13.5.2022
62-62,5
SoftLink
13.5.2022
63,4-65,4
DAMU Capital Management
13.5.2022
55-56

Inbusiness.kz теңгенің доллар, еуро, юань және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (16мамыр -20 мамыр).

16 мамыр - 20 мамыр

 

9 мамыр -13 мамырға арналған валюта болжамы

 

 

 

Осы аптада да геосаяси факторлар теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамының қалыптасуына әсер етеді. Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылар Украинадағы жағдайды, Ресейге қарсы санкцияларды, Ресей Федерациясындағы экспорт пен импорттың теңгерімсіздігін және ЕО елдерінің Ресей мұнайын жеткізуге эмбарго енгізуін атап өтті. Сонымен қатар олар Еуропалық орталық банктің пайыздық мөлшерлемені көтеру, АҚШ ФРЖ-нің қаржы-несие саясатын қатаңдату мүмкіндігіне тоқталды. Ішкі факторлардың қатарында – инфляцияға қатысты деректер, үкіметтің мұнай өндірісін арттыру туралы жоспары, сәуірде ҚР Ұлттық Банктің валюталық интервенцияларды жүргізбеуі, президенттің 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және елдің Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы заңдарға қол қоюы бар.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:
16 мамыр - 20 мамыр 13 мамырда аяқталған аптада теңгенің рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы нығая түсті. Теңгеге Қазақстан экономикасының қалыпқа келуі, Украинадағы қақтығысқа қатысты бейтараптықты сақтауы сияқты факторлар оң әсерін тигізіп отыр. Теңгенің рубльға қатысты бағамы әлсіреуде. Бұған  капитал қозғалысына енгізілген шектеулер, сондай-ақ экспорт пен импорттың теңгерімсіздігі түрткі болып отыр. Өйткені көптеген импорттаушылар РФ-дан кетіп қалды, бұл экспорттың "артуына" және рубльдің нығаюына әкеліп соқты. Украинадағы қақтығыс еуроға теріс ықпалын тигізуде. ҚР-да инфляция әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты. ҚР ҰБ басшысы Қазақстанда инфляция сәуір айында 13,2%-ға дейін өскенін хабарлады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және елдің Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы заңдарға қол қойды. Енді Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 4,03 трлн теңгеге дейін ұлғайтылатын болады. Менің болжамым бойынша, бір доллар 427-437 теңге, бір еуро 445-455 теңге, бір рубль 6,40-6,90 теңге, бір юань 64,00-65,00 теңге болуы мүмкін.

 

 

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:
16 мамыр - 20 мамыр Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған мұнайдың қымбаттауы себеп болып отыр. Өйткені ЕО елдерінің Ресейден мұнай импорттауға эмбарго жариялауы шикізат бағасының өсуіне түрткі болды. Қазақстанның қаржылық көрсеткіштері салыстырмалы түрде жоғары деңгейде сақталып отыр. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша елдің төлем балансының ағымдағы мөлшері 2,2 млрд доллар болды.

Тауарлар экспорты 66,4%-ға артып, 19,1 млрд долларды құрады, ал импорт 17%-ға өсіп, 9,1 млрд долларға дейін өсті. Келесі аптада бір доллар 420-425 теңге, бір еуро 460-465 теңге, бір рубль 6,5-7 теңге, бір юань 62-62,5 теңге болады.

 

 

Дмитрий Лукашов, аналитик SoftLink:
16 мамыр - 20 мамыр Өткен аптада қазақстандық валютаның рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы нығайды. Өйткені Қазақстан ОПЕК+ келісім аясында мұнай өндірісін ұлғайту жоспарын жариялап, мұнай бағасы көтерілді. Естеріңізге сала кетейін, маусым айында мұнай өндіру көлемі мамыр айымен салыстырғанда 17 мың баррельге артады. Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында мұнай өндірісі 5%-ға және газ өндірісі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  6,4 %-ға өскенін мәлімдеген болатын. Ол экспорттың 65,8%-ға артып, $19,1 млрд-қа дейін жеткенін атап өтті.

Бұл ретте Қазақстанның сауда балансының оң сальдосы $9,6 млрд болды. Менің ойымша, бір доллар 424-444 теңге, бір еуро 440-464 теңге, бір рубль 6,45-6,9 теңге, бір юань 63,4-65,4 теңге болады.

 

 

Мұрат Қастаев, "DAMU Capital Management" ЖШС Бас директоры:
16 мамыр - 20 мамыр Апта ішінде Brent баррелінің бағасы 101 долларға дейін төмендеді, бірақ аптаның соңына қарай олар қайтадан 111 долларға дейін өсті. Мұнайдың бұл динамикасы теңге бағамына оң әсерін тигізгені сөзсіз. Геосаяси сахнада Ресей мен Украина арасындағы соғыс басты назарда. АҚШ Украинаға 40 миллиард доллар тұратын әскери, экономикалық және гуманитарлық көмек пакетін қабылдады. Еуропада Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакеті талқылануда.

Ресей Федерациясына бағытталған санкциялық қысым күшейген сайын, Ресейдің санкциялардан жалтаруына ықпал ететін елдерге де қауіп төніп отыр. Олардың қатарында Қазақстан бар. Келесі аптада бір доллар 425-430 теңге, бір еуро 435-445 теңге, бір рубль 6,5-6,8 теңге, бір юань 55-56 теңге болады деп ойлаймын.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу