Валюта болжамы: 25 сәуір -29 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
445,500

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Forex Club
22.4.2022
442-444
SoftLink
22.4.2022
438-455
DAMU Capital Management
22.4.2022
444-450
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,838

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Forex Club
22.4.2022
5,6-5,9
SoftLink
22.4.2022
5,61-6,12
DAMU Capital Management
22.4.2022
5,8-6,0
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
483,000

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Forex Club
22.4.2022
475-477
SoftLink
22.4.2022
473-493
DAMU Capital Management
22.4.2022
480-500
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
67,600

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Forex Club
22.4.2022
68-68,4
SoftLink
22.4.2022
67,6-69,6
DAMU Capital Management
22.4.2022
64-68

Inbusiness.kz теңгенің доллар, еуро, юань және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (25 сәуір -29 сәуір).

 

25 сәуір -29 сәуір

 

18 сәуір -22 сәуірге арналған валюта болжамы

 

 

 

Геосаяси шиеленістер теңге бағамына айтарлықтай әсерін тигізуде. Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылар қазақстандық валюта мұнай бағасына тәуелді екенін атап өтті. Ал шикізат құнына  коронавирустық пандемияның жаңа толқыны, Ресейге қарсы санкциялар аясында Еуропадағы табиғи ресурстар бағасының өсуі сияқты факторлар ықпал етуде. Олар өз болжамында ішкі триггерлерді: алдағы салық кезеңін, ҚР Ұлттық Банкінің валюталық интервенция жүргізу туралы шешімін сөз етті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

 

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:
25 сәуір -29 сәуір Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы сәл әлсіреді. Ішкі валюта нарығында өзгеріс болған жоқ. Өйткені Ресей рублі нығайып,  мұнай да салыстырмалы түрде қымбаттады. Дегенмен мұнай белгілеулері Қытайда індеттің өршуі салдарынан сәл төмендеуде. Келесі аптада теңге бағамы нығаюы мүмкін, бірақ динамика бірқалыпты болады. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 442-444 теңге, бір еуро 475-477 теңге, бір юань 68-68,4 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге деңгейінде болады. 

 

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, аналитик SoftLink:
25 сәуір -29 сәуір Өткен аптада теңгенің рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы нығайды. Еуроға Ресейге қарсы санкциялар аясында Еуропадағы табиғи ресурстар бағасының өсуі теріс әсер етіп отыр. Теңгенің нығаюына бірінші тоқсанда мұнай өндірісі көлемінің артуы мен ЖІӨ-нің өсуі сияқты факторлар ықпал етті. Өткен аптада Ұлттық Банк валюталық нарықтағы ауытқуларды шектеу үшін валюталық интервенция жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Реттеуші төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин сыртқы инфляциялық жағдай Қазақстан үшін қолайсыз болуы мүмкін екенін атап өтті. Ұлттық экономика министрлігі 2022 жылы инфляция болжамын 8-10% деңгейінде бекітті. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 438-455 теңге, бір еуро 473-493 теңге, бір рубль 5,61-6,12 теңге, бір юань 67,6-69,6 теңге болуы мүмкін.

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, "DAMU Capital Management" ЖШС бас директоры:
25 сәуір -29 сәуір Ресей мен Украина арасындағы соғыс – әлемдік күн тәртібіндегі басты мәселе. Әскери қақтығыстың қашан аяқталатыны белгісіз, сондықтан активтерге деген жаһандық қызығушылық қысымға ұшырап отыр. Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қоры әлемдік экономиканың өсу көрсеткішін төмендетті. Бір апта ішінде Brent мұнайының бағасы 113 доллардан 106 долларға дейін төмендеді. Инвесторлар коронавирустық пандемияның жаңа толқыны сұраныстың төмендеуіне әкеліп соғады деген пікірде. АҚШ ФРЖ мөлшерлемені бірден 50 пунктке көтеруі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл АҚШ доллары индексінің өсуіне әкеліп соғуы ықтимал. Қазақстан Ұлттық Банкі 25 сәуірде базалық мөлшерлеме бойынша шешімін жариялайды. Біздің ойымызша, базалық мөлшерлеме қазіргі деңгейде қалуы тиіс, өйткені оны арттыру үшін факторлар жеткіліксіз, базалық мөлшерлеме инфляциядан жоғары болып отыр. Мөлшерлемені төмендетуге де болмайды, өйткені бұл теңгелік активтердің тартымдылығын төмендеді, теңгені әлсіретіп, инфляцияға жаңа серпін береді.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу