Валюта болжамы: 26 қараша – 30 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
367,688

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,539

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
416,625

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

 Atameken Business теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (26 қараша – 30 қараша)

26 қараша – 30 қараша    26 қараша – 30 қарашаға арналған валюта болжамы 

Нарықтар екі маңызды сыртқы факторға мән беріп отыр. Біріншіден, abctv.kz сауалнамасына қатысқан барлық сарапшы осы аптада айтарлықтай төмендеген  мұнай бағасына тоқталды. Бұл ретте ARUM Capital және «ФИНАМ» КТ ОПЕК-тің бұдан әрі қалай әрекет ететініне назар аударды, ал Wall Street Invest Partners пен «Астана-Инвест» инвестициялық үй» компаниясы мұнай қоры бойынша  кезекті жағымсыз статистиканы еске салып кетті.

Екіншіден, сарапшылар 30 қараша күні Буэнос-Айресте өтетін «үлкен жиырмалық» саммитін күтіп отыр. «Альпари» және ARUM Capital сарапшылары G20 алаңында АҚШ және Қытай президенттерінің сауда соғысын тоқтату туралы келіссөзі өтетінін сөз етті. Wall Street Invest сарапшысы болса Владимир Путин мен Саудия ханзадасы Мұхаммед бен Салман мұнай нарығындағы жағдайды талқылауы мүмкін деп отыр. Ал «Астана-Инвест» инвестициялық үй» сарапшысы Ресей президенті Дональд Трамппен кездесуі мүмкін дегенді айтты.

Аbctv.kz сауаланамасына қатысқан сарапшылар басқа да триггерлер ішінен АҚШ ФРЖ-сының ақша-несие саясатын («Телетрейд Топ», «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ), Қазақстан Ұлттық банк  басшысының еркін айналымдағы теңгенің пайдасы жайлы айтқанына, Ресейдің ЕАЭО-дағы долларсыздануға қатысты мәлімдемесіне («Альпари»), Қазақстан экономикасы ахуалының жағымды (IFC Markets) және Қытай, Еуропа және АҚШ-тағы жағымсыз статистикаға тоқталды («Телетрейд Топ», Gerchik&Co).  

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар

 Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:  

26 қараша – 30 қараша

15 қараша мен 20 қараша аралығында дамушы елдердің валютасы өсуден жоғалтқандарын жылдам орнына келтіре алды. Бұл мұнай бағасы 4,5%-ға түсіп, бір баррелі 64 доллардан төмен болғандағы жағдай. Нарықтар 30 қараша күні Аргентинаның астанасы Буэнос-Айресте өтетін «үлкен жиырмалықтың» саммитін тағатсыздана күтіп отыр. Саммитте АҚШ пен Қытай президенттерінің арасында өзара сауда соғысын тоқтату туралы келіссөз басталуы мүмкін. Мұнай бағасының төмендегеніне қарамастан, долларға қатысты бағамы 2,37%-ға өскен қазақстандық теңге абсолютті көшбасшы болды.

Өткен аптада Қазақстан ұлттық валюта-теңгенің айналымға енгеніне 25 жыл толуын атап өтті. Бәлкім, доллар осы мерейтойға орай шамалы өсуін тоқтатқан шығар. Алайда Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтың еркін айналымдағы теңге Қазақстан экономикасына дағдарыстан шығуға көмектесті дегені нарық үшін ең басты жаңалық болды.

23 қараша күнгі саудада теңге бір доллар үшін 366 теңгеден асуға тарысып бақты, бірақ бұл деңгейді ұстап тұра алмады. Доллар тағы күшіне мініп шыға келді. Доллардың 370 теңге шамасында болуы шындыққа жанасады. Әсіресе, бұл мұнай бағасының күннен-күнге құлдырап, бір баррелі 60 доллар болатын шамаға жақын қалған кезде орын алғанын ескеретін болсақ, онда теңгеге еш өкпе жоқ.

Трамптың мұнайға қатысты пессимистік болжамы әзірге орындалып жатыр. Сонымен қатар Ресейдің Еуразиялық одақ аясында доллармен есепайрысудан бірте-бірте бас тартуы рубль мен теңге үшін жағымды болып, қос валютаның құлдырап кетпеуіне күш болып тұр.

Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 367-373 теңге, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль 5,60-5,61 теңге болады деп отырмыз. Ал еуро/теңге жұбы бойынша болжап отырған сауда шамасы бір еуропалық валюта үшін 418-422 теңге.

 Владислав Воробьев, ARUM Capital компаниясының аға сарапшысы:

26 қараша – 30 қараша

Өткен аптаға жасалған болжам өзін ақтап шықты, доллардың негізгі валюталарға қатысты бағамы одан әрі төмендеді, ал мұнай бағасының түсуі саябырлады.

Алдағы аптада да қандай да бір үлкен  құбылмалық болмауға тиіс, өйткені инвесторлар осы аптада өтетін екі маңызды оқиғаны күтеді. Біріншіден, бұл Буэнос-Айрестегі G-20 саммитіндегі АҚШ пен Қытай президенттерінің сауда келіссөздері. Келіссөз барысында тараптар қайшылықтардың жартысын шешуі мүмкін. Екіншісі, бұл бір аптадан кейінгі ОПЕК-тің кездесуі. Қазіргі уақытта мұнай нарығында   ешқандай әрекет байқалмайды, ал бұл бағаға қолдау көрсету үшін сарапшылардан мәлімдеме күткен  ойыншылардың дегбірін қашырды. Алайда, шын мәнісінде, Саудиядан басқа ешкім мұнай өндіруді қысқартуды қолдамады. Бұған қоса, Трамптың тарапынан болып отырған қолдаулар мұнай бағасына қатты қысым болып отыр. Осылайша, шикізат өндірушілер тарапынан ауызша интервенцияның болмауынан, мұнай бағасы нақтыланбай, экспорттаушы-елдер валютасының өсуіне жол берілмей отыр.

Алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 364-369 теңге, бір еуро үшін 412-415 теңге болуы әбден мүмкін. Ал рубль болса Ресейдегі ағымдағы шот көрсеткішінің жақсы болуы, АҚШ санкциясының кейінге шегерілуі және мұнай компанияларының валюталық пайдасын конвертациялаудан нығаюын жалғастыруы әбден мүмкін. Теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,57-5,62 теңгеге жақын болады. 

Сергей Дроздов,  «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:  

26 қараша – 30 қараша

Мұхиттың ар жағындағы елдер ойыншыларының болмағаннан кейін, Еуропаның қор нарықтары бейсенбі күнгі сауданы кері көрсеткішпен жапты. Оған итальяндық бюджетке қатысты проблеманың ұзаққа созылуы және ЕОБ-ы отырысы хаттамасының жариялануы да себеп болды.

Немістің DAX индексі 0,94%-ға, француздық CAC 40 0,75%-ға, британдық FTSE 100 1,28%-ға төмендеген. Ал S&P 500 индексінің фьючерсі 0,61%-ға төмендеген.

Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы 1,54%-ға төмендеп, 62,52 доллар шамасында сауданы аяқтады.

Қара алтын бағасының күрт төмендеуіне байланысты ОПЕК мұнай өндіру көлемін төмендетеді ме, егер төмендететін болса, ол қанша болады деген мәселелер мұнай нарығын толғандырып отырған басты сұрақ.

Bloomberg-тің хабарлауынша, Саудия желтоқсанда сұраныстың  маусымдық төмендеуінен, қарашамен салыстырғанда мұнай жеткізу тәулігіне 500 мың баррельге дейін қысқарады деп отыр. Ал қаңтарда Саудия мұнай экспортын бұдан да төмендетіп жіберуі мүмкін.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,3-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 365-369 теңге және еуроға қатысты бағамы  415-419 теңге болады деп болжап отырмыз. 

Данияр Жұмекенов ,  Wall Street Invest Partners сарапшысы:    

26 қараша – 30 қараша

Соңғы айларда нарық қатысушылары АҚШ энергетика миниистрлігінің есебінен мұнай қорының тағы өскенін біліп отыр. Бұған негізгі  мұнай өндіруші-елдердегі өндіріс көлемінің өскенін және АҚШ тарапынан санкция болғанына қарамастан Ираннан мұнайдың экспортталып жатқанын қосыңыз. Мұнай нарығының теңгерімділігі бұзылды, осыған сәйкес мұнай бағасын төмендетуге әкелген құбылмалық артты. Инвесторларды шаршатқан жағымсыз жағдай өткен аптада Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелін 62 долларға дейін түсірді. Baker Hughes мәліметіне сәйкес, бір апта ішінде АҚШ-та жұмыс істеп тұрған мұнай өндіруші бұрғылардың үшеуі қысқарып, олардың саны 885 болған. Бұған дейін бұрғылау жабдықтарының саны үздіксіз өсіп, 1,5 жыл ішінде өзінің ең жоғарғы шамасына жеткен еді.

Өткен апта еуропалық валюта үшін қолайлы болды. Еуро мен доллардың валюталық жұбының саудасы 1,14 деңгейінен жоғары болды. Алайда Германия мен Франциядағы іскери белсенділік индексі бойынша соңғы мәліметтің нашар болуынан еуро 1,137 деңгейіне түсіп кетті.

Алтын нарығында тұрақтылық байқалады. Сары металл 1220 доллар троя унициясынан жоғары саудаланды. Ресейлік рубль бұрынғы ауқымына қайтып келіп, бір доллар үшін 65,5 пен 66,5 рубль шамасында саудаланды. Оған мұнай бағасының төмендеуі мен мықты доллар еш кедергі бола алмады. Ресей қаржы министрлігі Федералдық қарыз облигацияларын 20 млрд рубль сомасында табысты орналастыра алды. Бір таңданарлығы, сұраныс ұсыныстан 2,5 есе асып түсті.

Өткен аптада қазақстандық теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы тұрақты болды.

Алдағы аптада валюта жұптарының қозғалысына  әсер ететін екі маңызды саммит өтеді. Еуропалық Одақ басшыларының жексенбі күнгі шешімі еуропалық және британдық валюталар бағамына айтарлықтай әсер етеді. Қараша айының соңғы аптасында әлемдік нарықтарды құбылмалық болады деп күтілуде. Аргенитинада өтетін G20 саммитінің алдындағы жекелеген мәлімдемелер шикізат пен валюта бағасының қозғалысына әсер етуі мүмкін. Владимир Путин мен Саудия ханзадасы Мұхаммед бен Салман мұнай нарығындағы жағдайды талқылауы мүмкін.

Сейсенбі 27 қараша күні Conference Board-тан АҚШ-тағы тұтынушылық сенімділдігі индексі шығады.  «Black Friday» және «Cyber Monday» сатылымы нәтижесі АҚШ долларына әсер етуі мүмкін. Америкалық валюта тағы күшеюі мүмкін.

26 қараша мен 30 қараша аралығында теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 365-370 теңге болады деп болжанып отыр. Теңгенің еуропалық валютаға  қатысты бағамы бір еуро үшін 417-422 теңге шамасында болады. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам 5,57-5,62 теңге болады деп күтіледі.

Олег Богданов,  «Телетрейд Топ» бас сарапшысы:     

26 қараша – 30 қараша

Қарашада әлемдік қаржы нарықтарындағы конфигурация өзгере бастады. Қытай, Еуроаймақ, АҚШ-тан жағымсыз статистика көптеп шығуда. Қазірдің өзінде келер жылдың көктемінде ФРЖ негізгі мөлшерлемені қайта қаржыландырудың өсуін тоқтатуы мүмкін деген пікір қалыптасуда. Бұл жағдайда emerging markets үшін тәуекелдер біршама төмендейді. Сондықтан осы сегменттің валюта мен қор нарығында тұрақтану болатынын байқаймыз.

Қазақстандық  теңге де тұрақтанды. Алдағы уақытта бұл беталыс сақталатын болады. USD/KZT жұбы бойынша теңге 360-қа дейін нығаюы мүмкін. Ал теңгенің еуроға қатысты бағамы 410 теңгеге дейін өсуі ғажап емес. Рубльге қатысты бағам 5,55-5,65 теңге шамасында болады 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

26 қараша – 30 қараша

Осыған дейін айтқанымдай, биткойн едәуір түсіп кетті. Қазір биткойн өседі деген жаңалықты тарату тиімді, бұл дер кезінде сатып үлгермегендер үшін тиімді. Яғни үлкен көлемді ұстап отырғандар жайлы айтып отырмын.

ФРЖ-ның негізгі мөлшерлемесінің өсуі «өз дегенін жасап жатыр», нақтырақ айтатын болсақ, ол мұнай бағасын белгілеуге қысым көрсетуде. Сонымен қатар мұнай қоры жайлы шыққан мәліметтер қосымша қысым болып отыр. Алайда бір таңқаларлығы рубль қазіргі деңгейін сақтап, қара алтын бағасының төмендеуіне мән бермеді. Бұған ең бірінші салық аптасы мен мемлекеттік облигацияларға деген сұраныс қолдау болды.

Ал теңге болса сол бұрынғыша рубль бағамына қарап отыр.

Алда Трамп пен Путин кездесуі болады, оның қорытындысы бойынша, Ресей мен батыстың арасындағы жағдайға қатысты бір шешім қабылдануға тиіс. Рубль мұнай бағасының төмендеуін қайтарып алады деген болжам бар.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 64-68 рубль, бір рубль 5,4-5,6 теңге, бір доллар 367-375 теңге, бір еуро 410-430 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 58-62 доллар, биткойн 3000-5000 доллар болады деген болжам жасап отырмын.

Ерлан Қойшыбаев,  Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:   

26 қараша – 30 қараша

Brent және Light маркалы мұнай бағасының төмендеуі жалғасып,  биржа саудасының қазіргі көлемін қолдау орын алатын болса, онда доллар нығайып, бір доллар 369-374 теңге болуы мүмкін.

Германияның ЖІӨ-сі бойынша мәліметтің төмен және «базалық инфляцияның» әлсіздігі туралы мәліметтердің болуынан, еуро бағамы шамамен 415-420 теңге болады.

Ресейлік рубль бойынша болжанып отырған бағам - 5,3-5,5 теңге.

 Дмитрий Лукашов,  IFC Markets сарапшысы:    

26 қараша – 30 қараша

Өткен аптада қазақстандық теңгенің доллар мен рубльге қатысты бағамы нығайды. Brent маркалы мұнай бағасының бір аптада 10%-ға төмендегені теңге бағамына еш әсер етпеді. Менің ойымша, оған Қазақстан экономикасының ахуалы туралы жағымды мәлімет себеп болды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылы ЖІӨ-нің өсуі 4%-дан асуы мүмкін екенін айтты. Бұл болжанған +3,8%-дан жоғары. Үшінші тоқсанда ЖІӨ 4,1%-ға өскен болатын. 2018 жылдың қаңтар-қазанында мұнай мен газ конденсатын өндіруді былтырғы жылмен салыстырғанда 4,8%-ға, яғни 74,57 млн тоннаға дейін арттыру жағдайында Қазақстан экономикасын дамытуды жылдамдату қол жетерлік нәрсе деп ойлаймын. Бұған қоса, мотор отынын өндіру 27,8%-ға, табиғи газ өндіру 10,4%-ға артқан. Мыс шығарудың 3,6%-ға өскенін, сондай-ақ алтын мен мырыштың өскенін айтуға болады.

Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,52-5,64 теңге, бір доллар үшін 365-371 теңге, бір еуро 412-419 теңге болады деп  болжап отырмыз.

26 қараша – 30 қараша

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу