"Астана" футбол клубы банкрот деп танылды

784

 "Астана" футбол клубы банкрот деп танылды

"Астана" кәсіби футбол клубы" банкрот деп танылды.  Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

 Айта кетерлігі, "Астана" кәсіби футбол клубы" АҚ-ның салықтық қарызы 36 миллион теңгеден асқан. Ал салық заңнамасы аясында қабылданған шаралар мен салықтық қарыздарды мәжбүрлі өндіру әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеген. Осыған байланысты Астана қаласы Алматы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы сотқа "Астана" кәсіби футбол клубын" банкрот деп тану туралы шағымданған.

"Іс материалдарын қараған Астана қалалық ауданаралық экономикалық соты "Астана" кәсіби футбол клубын" банкрот деп таныды. Банкроттық процедуралары 9 ай мерзімге белгіленіп отыр. Осыған байланысты Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне "Оңалту және банкроттық туралы"  заңда қарастырылған мерзім және тәртіпке сәйкес, банкроттық басқарушыны тағайындау жүктелді.  Шешім заңдық күшіне енді", – делінген баспасөз баянында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу