"Астананың 25 сәті" фильмі түсірілді

1030

"Астананың 25 сәті" фильмі түсірілді

Астана қаласы әкімдігінің тапсырысымен "Астананың 25 сәті" фильмі түсірілді. Фильм Қазақстан елордасы, оның тарихы мен маңызы туралы жалпы түсінік береді. Онда Бозоқ қалашығы заманынан бері бүгінгі күнге дейін елорда тарихы қамтылған. Туындыда Еуразияның орталығында тиімді географиялық орналасуының артықшылықтары баяндалады. Дамудың басты кезеңдері, сондай-ақ, елорданың көшірілуі және оның сәулет тұжырымдамасы, Астананың халықаралық аренадағы жетістіктері, бес көрікті орны туралы айтылады, олардың бірегей ерекшеліктерін ашады, ғимараттар бойынша серуен қызықты түрде жүргізіледі, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Астананың жетістіктері, оның көрікті жерлері мен сұлулығы туралы қарапайым астаналықтар әңгімелейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу