"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікке" инновациялық грант бойынша 206 өтінім түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференцияды ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев айтты.
Олардың ішінде инновациялық гранттар алу үшін технологияларды коммерцияландыруға 122, қолданыстағы кәсіпорындарды технологиялық дамыту бойынша 65 және салаларды технологиялық дамыту бойынша 19 өтінім қабылданды.
"Өтініш берушілерге қойылатын талаптар қатаңдатылды: Агенттік пен өтінім беруші арасындағы технологияны қоса қаржыландырудың ара-қатынасы бұрын көзделген 80%-де 20%-дың орнына 50% -де 50%-ды құрайды. Бұл салада үш жылдық коммерциялық жұмыс тәжірибесінің болу талаптары енгізілді. Бұдан бөлек, үш жылдық жиынтық табысы жобаның құнын жабуға тиіс. Әртүрлі қауымдастықтар мен бақылаушылар тарапынан гранттарға сұраныстың төмен болуы туралы алаңдаушылықтарға қарамастан, Агенттік биылғы жылы инновациялық гранттарға 200-ден астам өтінім қабылдады", - деп атап өтті Тимур Тоқтабаев.
Оның айтуынша, гранттарды қаржыландыру жөніндегі комиссия инновациялық грант алуға ниет білдірген 9 өтінімді қолдады. Қазір шартқа қол қою жұмыстары жүргізілуде.
Кеше ғана министрлік технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікпен бірлесе отырып жыл сайынғы инновациялық конгресс пен инновациялық жобалар көрмесін өткізді. Іс-шара барысында 600-ден аса жетекші халықаралық және ұлттық сарапшылар технология трансфері, бизнес-инкубациялау, инновациялық қызметті қаржыландыру және Blockchain технологиялары мәселелерін талқылады.
Технологиялық брокерлік салада практикалық мастер-класстар алғаш рет жетекші акселераторлармен және компания өкілдерімен өткізілді.
Инновациялық экожүйені дамыту, жеке бизнес-инкубациялау мен институтты (инкубатор) қолдау шаралары, сондай-ақ венчурлық нарықтың дамуына арналған жобалардың сыни жиынтықтың рөлі секілді маңызды мәселелер бойынша жан-жақты пікірталастар болды.
Көрме шетелдік және отандық компаниялардың ең қызықты инновациялық жобалары ұсынылды. Келушілердің көзбен көріп қана қоймай, технологтармен жақын танысуларына мүмкіндіктері болды.
Конгресс аясында ұлттық инновациялық байқаудың қорытындысы шықты. Ұлттық инновациялық байқауға Қазақстанның барлық аймақтарынан 1000-нан астам адам қатысты.