2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы мен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы сонымен қатар басқа да мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар халықты жұмыспен қамтуға ықпал етеді.
Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдегендей, биыл 1 млн 220 мың адам жұмысқа тартылады.
"Іске асырылып жатқан бағдарламалардың әлеуетін ескере отырып, 2020 жылы жұмыспен қамтуды ынталандыру шараларына 1 млн 220 мың адам тарту мүмкіндігіміз бар екенін айтқым келеді. Соның ішінде 855 мың адам жұмыспен қамтудың жол картасы және "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша назарға алынса, басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша жергілікті және орталық атқарушы органдар 364 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр", – деді Біржан Нұрымбетов.
Қанат Махамбет