Жамбылда 10 айда интернет-алаяқтықтың 90 дерегі тіркелген

387

Жамбылдықтар интернет-алаяқтардың алаяқтық ісінен аяқ алып жүргісіз жағдайға жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбылда 10 айда интернет-алаяқтықтың 90 дерегі тіркелген Фото: canva.com

Тіркелген деректердің 44-і қаржы саласына қатысты орын алған.

Қалған 46 жағдайға тұрғындар онлайн сатып алулар мен қашықтан қызмет көрсету істерін рәсімдеу кезінде тап болған.

Өзін Майра деп таныстырған Тараз қаласының тұрғыны банктің бас маманымын деп қоңырау шалған Сергей есімді азаматтың нұсқауларын орындап, белгісіз біреуге 3,5 миллион теңгеге жуық несиені рәсімдеп берген.

Банк қызметкерінің атын жамылған алаяқ бірінші хабарлама жіберген. Тараздық тұрғын бұл банктен бұрын несие алып, оны төлеп келе жатқанына 4 жыл болған екен. Келген хабарлама ай сайын келіп тұратындарына ұқсас болған соң, еш күмән келтірмеген.

Клиенті күдіктенбеуі үшін алаяқ ресми сайттан хабарлама жіберген. Осылайша, ол жердегі құпия кодты біліп алып, сезік алдырмау мақсатында "мы не можем одобрит вам кредит", деген хабарламаны тағы жолдайды.

"Осыдан кейін оның банк қызметкері екеніне еш күмәнім қалған жоқ. Соңында 1 миллион 315 846 теңге, тағы 2 миллион теңге кредиттің рәсімделгені туралы хабарлама келгенде ғана алданғанымды түсіндім", – дейді ол.

Айта кету керек, жамбылдықтарды алдап, арбауына түсірген алаяқтар тобының арасында өзге өңірлердің тұрғындары да бар болып шықты. Алаяқтық схемаларды ұйымдастырушы 190 дроппер анықталды.

Алаяқтар телефон арқылы тұрғындарды заңсыз онлайн-қарыздарды ресімдеуге көндіріп, интернет-сатылым кезінде банк шоттарынан ақша аударуға көндірген. Тіпті капиталды арттыру жөніндегі жобаларға қатысуға шақырып, алдап, арбауларына түсірген.

Интернет-алаяқтары "Olx", "Market", "Kolesa" сынды алу-сату желілерін қолданған.

Алаяқтардың сондай мақсатта пайдаланған желілерінің бірі – "Жаңатас – Сауда" "Тelegram" тобы. Осы топқа қосылған бейтаныс қызылордалық азаматтарға пайызсыз бөліп төлеуге 8 пайыздық ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырамын деп көп адамды құрығына түсірген.

Арбауына түскендерге төлем шоттарын жіберіп, QR коды арқылы онлайн төлем жасауға көндірген. Осылайша реквизиттерді пайдаланып, жеке кәсіпкердің әртүрлі шоттарынан ақша аударымдарын жасап алған.

Қылмыскер көп ұзамай ұсталды. Ол интернеттегі алаяқтықтың 5 дерегіне қатысты күдікті деп танылып отыр. Оның келтірілген залал көлемі 4,5 миллион теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу