10-сынып оқушысы 9 жылға сотталды

1652

Қаза болған оқушының әкесі сот үкіміне көңілі толатындығын жеткізді.

10-сынып оқушысы 9 жылға сотталды

Ақтөбеде өз қатарласын мұз айдынында пышақтап өлтірді деп айыпталған 10 сынып оқушысы 9 жылға сотталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Бұл қайғылы оқиға 26 қаңтарда Шалқар ауданының орталығында болған. "Шалқар көлі" мұз айдынына коньки тебуге барған екі мектептің оқушылары өзара төбелесіп, бірі екіншісін пышақтаған. Ақырында жүрек тұсынан алған ауыр жарақаттан бозбала қаза табады. Ал пышақ салған 17 жасар жігіт кейін кінәсін мойындап, полицияға келген.

Айта кетейік, Сот медициналық сараптамасының салынған пышақтың 11 см кем болмағанын және жүрек тұсына салынған жарақаттан баланың тек 15 тен 30 минут қана өмір сүру мүмкіндігі болғанына сүйене отырып, сот үкім етті.

"Сабыр Асылбек Нұрлыбекұлы ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлігі 14 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сабырдың жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық атқару жүйесінің  қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгіленсін",– деп үкім оқыды судья.

Сот, сондай-ақ, жәбірленуші тарапқа 3 млн теңге көлемінде моральдық шығын және 1 жарым миллионнан теңгеден астам материалдық шығын өтеуді міндеттеді. Қаза болған оқушының әкесі сот үкіміне көңілі толатындығын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу