10–15 пайыз арзан бағамен азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

864

10–15 пайыз арзан бағамен азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

5–6 тамыз "Қазақстан" спорт сарайы маңындағы тұрақта Атырау мен Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сөрелерге 100-ден астам атаулы 670 тонна өнім қойылады. Оның ішінде еттің барлық түрлері - 33 тонна, сүт өнімдері - 90 тонна, шұжық өнімдері мен жартылай фабрикат ет - 59 тонна, жарма мен макарон өнімдері - 72 тонна, картоп пен көкөністер - 55 тонна, нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдер - 70 тонна, ұн - 93 тонна және тағы басқа. 

Айта кетейік, жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы базармен салыстырғанда 10–15% арзан болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу