12 жасар оқушы бомба жайлы жалған хабар таратқан

1121

Әлеуметтік желілердің трендтерін қайталауға шешім қабылдаған.

12 жасар оқушы бомба жайлы жалған хабар таратқан Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында жасөспірім полицияға қоңырау шалып, мектепке бомба салынғаны туралы хабарлаған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желілердің танымал трендтерін қайталауды шешкен жасөспірімінің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды.

Абоненттік нөмірдің иесі 12 жасар орта мектеп оқушысы болып шықты, оның телефонынан сыныптасы танымал әлеуметтік желілердің трендтерін қайталауға шешім қабылдап, полицияға хабарласқан.

"Қазіргі уақытта балаға қатысты материал кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияның қарауына берілді. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарға әкімшілік айыппұл салынады", - делінген ПД таратқан хабарламада.

Полиция департаменті  қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарын ескере отырып, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те көзделгенін ескертеді. Баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу