2020 жылы әлемде мемлекеттік қақтығыстар салдарынан 49,3 мың адам көз жұмды

758

Statista мәліметтеріне сүйенсек, 2022 жылдың 24 ақпанынан 2023 жылдың 17 сәуіріне дейін Ресейдің Украинаға басып кіруі салдарынан 8,5 мың адам қаза тапты, тағы 14,4 мыңы зардап шекті. 

2020 жылы әлемде мемлекеттік қақтығыстар салдарынан 49,3 мың адам көз жұмды Фото: Bloknot.ru

2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін Украинада үкімет пен Ресей қолдайтын Донецк, Луганск облыстарының сепаратистік аудандары арасында әскери қақтығыс болды. 2014 жылдың 14 сәуірінен 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта 14,2 мың адамнан 14,4 мыңға дейін адам бұл қақтығыста қаза тапты. Оның ішінде бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілер де бар. Ресурстың жазуынша, кем дегенде 3,4 мыңы – бейбіт тұрғындар, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Our World in data мәліметтеріне сүйенсек, мемлекеттік қақтығыстар адам өмірін көп жалмаған: 2020 жылы 49,3 мың адам көз жұмды. Мемлекеттік емес қақтығыстар, яғни екі немесе одан да көп ұйым соғысатын, мемлекет қатыспайтын қақтығыстар салдарынан сол жылы 23,6 мың адам қаза тапқан. Бір ғана ұйымдасқан агрессор болған жағдайда (мысалы, геноцид кезінде) 8 мың адам қайтыс болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде дүниежүзілік соғыстар кезіндегідей көп адамның өмірін жалмаған қақтығыстар болмаған.

Аналитикалық порталдың жазуынша, 2014 жылы қақтығыстар салдарынан 112,7 мың адам көз жұмды. Бұл жылы Ливияда азаматтық соғыс, Африка елдерінде бірқатар қақтығыстар (ОАР, Оңтүстік Судан, Сомали, Нигерия), Ауғанстанда қақтығыс, Украинаның шығысында ел армиясы мен Донецк, Луганск облыстарының тұрақты емес қарулы құрылымдары арасындағы қақтығыстар орын алды. "Ислам мемлекеті" радикалды тобының белсенділігі 2014 жылдың жазында күрт артты. Бұдан бөлек 2014 жылдың ортасында Израиль мен Палестина автономиясының арасындағы жағдай шиеленісті.

2020 жылы мемлекеттік қақтығыстар салдарынан 49,3 мың адам көз жұмды. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 3,8%-ға аз. Бірақ та, 2010 жылға қарағанда 2,3 есе көп.

Өңірлік бөліністе 2020 жылы Азия мен Океанияда өлім-жітімнің ең көп саны тіркелді: 22 мың адам. Одан кейінгі орында Африка (10,6 мың адам), Таяу Шығыс (8,8 мың адам), Еуропа (7,9 мың адам) және Америка (33 адам) орналасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу