2020 жылы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу жүйесі енгізіледі

2321

Орталықтандырылған жүйені енгізген соң мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын мекемелер саны 25 мыңнан 500-ге дейін  азаяды деп күтілуде. 

2020 жылы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу  жүйесі енгізіледі

2020 жылы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2020 жылы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу  жүйесі сынақ режимінде жұмыс істей бастайды. Жоба аясында барлық мемлекеттік сатып алулар негізгі ұйымдастырушыларға беріледі",– деді Әлихан Смайылов кезекті үкімет отырысында. 

Сонымен қатар министр, аталмыш жобаның белгісіз тұстары нақтыланып, бекітілген соң бұл жүйе елдің барлық аймақтары бойынша жұмыс істей бастайтынын атап өтті. 

Орталықтандырылған жүйені енгізген соң мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын мекемелер саны да 25 мыңнан 500-ге дейін  азаяды деп күтілуде. 

"Нәтижесінде жүйені басқару жеңілдей түседі. Бұл мемлекеттік сатып алуды жергілікті бақылауға мүмкіндік береді",– деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Мемлекеттік сатып алу бойынша жаңа заң жобасы аясында ең жоғары сатып алу сомасын 5 млн теңгеге көтеріп, сауда маркасының атын жазу ұсынылды. 

"Бұл тәртіп тапсырыс берушілерге қазақстандық брендтердің атауын көрсетуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті министрлік басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу