2021 жылы Қазақстан экономикасы 4%-ға өсуі мүмкін

2189

Алайда Дүниежүзілік Банк әлемдік экономика әлі де құлдырайды деген пікірде.

2021 жылы Қазақстан экономикасы 4%-ға өсуі мүмкін

Биыл ұлттық экономика 4%-ке өсуі ықтимал, деп жазады FinReview.info. 

Өткен жылы Қазақстан экономикасы 2000 жылдардың бастапқы кезеңімен салыстырғанда рекордтық 2,6%-ке төмендеді. Құлдырау бұдан да күрделі болуы мүмкін еді. Алайда Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары отандық экономикада терең рецессия қаупін болдырмауға көмектесті.

2020 жыл әлем экономикасы үшін күрделі болғаны белгілі. Оған COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарыс әсер етті. Коронавирус салдарынан мұнай бағасы құлдырап, бірқатар экспорттық тауардың бағасы құбылмалы болды, әрі іскерлік белсенділік төмендеді.

Халықаралық валюта қорының сәуірдегі есебіне сәйкес, 2020 жылы әлемдік экономика 3%-ке төмендеген, ал 2021 жылы 5,8%-ке өсетіні болжанып отыр. Алайда Дүниежүзілік Банк әлемдік экономика әлі де құлдырайды деген пікірде. Олардың мәліметінше, экономика өткен жылы 5,2%-ке төмендеген.

Пандемия Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

FinReview.info сарапшыларының пікірінше, 2020 жылы Қазақстан экономикасының төмендеуіне бірнеше жағдай әсер еткен.

Біріншіден, бұл мемлекеттің мұнай-газ нарығындағы жағдайға тәуелділігімен байланысты. Бір жыл ішінде мұнай бағасы бір баррель үшін 25 долларға төмендеген. Осылайша, мемлекет мұнайды сатудан түсетін негізгі табыстан айырылды.

Екіншіден, елде коронавирус инфекцияның алдын алуға бағытталған карантин шаралары экономиканың барлық саласындағы белсенділікті төмендетті.

Іскерлік белсенділік индексі бір жыл ішінде маркерлік мәннен 50 пункт төмендеген. Мысалы, маркерлік мән сәуірде ең төменгі 37,2 пункті және желтоқсанда ең жоғарғы белгі 49 пункті көрсеткен.

Осы орайда нақты сектор экономикалық өсудің негізгі драйверіне айналды. Жылдың қорытындысы бойынша ол 2%-ке өскен.

Алайда қызмет көрсету секторының шамамен 5,6%-ке қысқаруынан
ұлттық экономика 2,6%-ке төмендеді. Бұл - 2000 жылдардың бастапқы кезеңімен салыстырғанда ең төменгі нәтиже.

Сарапшылар мен жетекші зерттеу агенттіктері ұлттық экономика тіпті 3,4%-4%-ке төмендейді деп болжаған. 

Алдағы жылы ұлттық экономика өсуі мүмкін бе?

Алдымен жағымсыз сценарийді қарастырайық. Мысалы, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 30 долларға дейін төмендесе, ОПЕК+ қатысушы мемлекеттердің келісімінен шығуы мүмкін деп болжам жасап, әлем экономикасы баяу қалпына келетінін ескерсек, Қазақстан экономикасы 2,3%-2,7%-ке өсуі ықтимал.

Енді жағымды сценарийге тоқталайық. Егер ОПЕК+ келісіміне қатысушы мемлекеттер талапты қатаң орындап, мұнайға сұраныс айтарлықтай өсіп, мұнайдың бағасы 50 долларға болса, ұлттық экономика 3,8% - 4,2% деңгейінде өсім көрсетеді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу