Шілде айындағы іскерлік белсенділік көрсеткіші қалай өзгерді?

631

Бизнес-циклдің "сағат" индикаторы шілдеде өсу аймағынан көтерілу аймағына өтті.

Шілде айындағы іскерлік белсенділік көрсеткіші қалай өзгерді?

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің айтуы бойынша бірқатар салада жаңа тапсырыстардың төмен деңгейі, сондай-ақ шикізат пен материалдарды жеткізу мерзімінің ұзақ болуы белсенділік көрсеткішіне теріс әсер етіп, оның индексі 48,0 болды. Қызмет көрсету секторында индекстің мәні 48,6 болып, іс жүзінде өзгерген жоқ, ал қалған секторларда индекстің төмендегені байқалды (өндірісте – 48,5, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 46,2, құрылыста – 47,0).

2022 жылғы шілдеде кәсіпорындардың қазіргі бизнес-жағдайларын бағалауы (-) 6,3-ке дейін нашарлады. Жауаптардың теңгерімі жағымсыз өзгерістерді атап өткен респонденттердің ұлғаюы есебінен теріс болып шықты.

Кәсіпорындардың алдағы 6 айдағы болашақ бизнес-жағдайларын бағалауы да төмендеп, 18,0 болды. Сөйтіп, қазіргі және болашақ бизнес-жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес ахуалы индексі 5,4-ке төмендеді. Осылайша бизнес-циклдің "сағат" индикаторы шілдеде өсу аймағынан көтерілу аймағына өтті.

2022 жылғы шілдеде бизнес-жағдай факторларын бағалау арасында сұраныс жағынан ілгерілеушілік бар. Сұраныс бойынша жауаптар теңгерімі 4,3 болды. Секторлар бөлігінде респонденттердің бағалауы бойынша оң жауаптар басым болған өндірісте, құрылыста және қызмет көрсетуде сұраныс қалпына келе бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу