2027 жылға дейін 900 млрд теңге бөлінуі мүмкін

790

250 ауылда 1 641 жоба қолға алынады. 

2027 жылға дейін 900 млрд теңге бөлінуі мүмкін

Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр ауылдың жағдайын жақсарту үшін 900 млрд теңге қажет екенін айтты. 

Вице-премьердің мәлімдеуінше, "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасын жүзеге асыру аясында республикалық бюджеттен 70% немесе 630 млрд, қалған 30% немесе 270 млрд теңгені жергілікті бюджеттен бөлуге болады. 

"Аталған қаражатты 2027 жылға дейін бөлу ұсынылып отыр", – деді Роман Скляр.

Үкімет басшысы орынбасарының сөзінше, бүгінгі таңда 700 мың адам тұратын 53 ауылда 452 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр. Бұған 30 млрд теңге қарастырылған. 
"Келесі жылы жобаны жалғастыру үшін қосымша 50 млрд теңге бөлінеді. Нәтижесінде 250 ауылда 1 641 жобаны қолға алынады", –  деді Роман Скляр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу