2100 жылы жер шарының халқы 11,2 миллиардқа жетеді

3948

2100 жылы жер шарының халқы 11,2 миллиардқа жетеді

Бүгінгі күнде Жер шарында  қанша халық тұрады? Дерекке жүгінер болсақ, планетамызды қазіргі таңда 7,6 миллиард халық мекендейді. Мамандар бұл санға орташа есеппен жылына 83 миллион тұрғын қосылып отыратынын айтады. Болжам бойынша 2030 жылға дейін тағы 1 миллиард халық қосылатыны белгілі болып отыр.  Демек 13 жылдан кейін жер бетіндегі халықтың саны  8,6 миллиардқа жетеді деген болжам бар, деп хабарлайды aikyn.kz.

БҰҰ-ның экономика және әлеуметтік мәселе жөніндегі департаментінің арнайы сайты 2050 жылы планетаны мекендеген халықтың саны 9,8 миллиардқа жетеді деген деректі келтіріп отыр. 2100 жылы Жер шарында шамамен 11,2 миллиард халық тұратын болады.

Бұл ғана емес, алдағы уақытта Жер бетіндегі адамдардың өмір сүру ұзақтығы да артады. Атап айтар болсақ, 80 жылдан кейін 80 жастағы адамдардың саны бүгінгімен салыстырғанда жеті есе ұлғаяды.

Қазіргі уақытта әлемдегі ең көп халқы бар ел – Қытай. Бұл мемлекетте 1,4 миллиард халық тұрады. Ал Үндістанды мекендейтін халықтың саны  – 1,3 миллиард. Аталған елдерде әлем халқының 19 және 18 пайызы тұрады. Қазірдің өзінде сарапшылар 2024 жылдары Үндістан халқының саны жөнінен Қытайды басып озады деген деректі келтіріп отыр. Сонымен қатар, Нигерия халқы да тез өсіп келеді. 2050 жылы Нигерия тұрғындардың саны бойынша қазіргі жетінші орыннан үшінші орынға көтеріледі деген болжам бар.

Алдағы 33 жылда әлем халқының жартысына жуығы 9 елде, атап айтқанда, Индия, Нигерия, Конго, Пәкстан, Эфиопия, Танзания, АҚШ, Уганда  және Индонезияда  тұратын болады.

2010-2015 жылдары Ресей, Қытай, Бразилия, Жапония,  Вьетнам, Германия, Иран, Таиланд мен Ұлыбританияда халықтың туу деңгейі белгіленген көрсеткіштен тым төмендеген көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу