24 жастағы өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болды

1186

Марқұм Арыстанбек Машрап азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет атқарған. Павлодар қаласының тумасы, үйленген.

24 жастағы өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болды

Павлодар облысында 1997 жылы туған Ақсу қаласы № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі  азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машрап өрт сөндіру кезінде қайтыс болды. Бұл туралы inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"2021 жылдың 25 ақпанында сағат  7.46-да Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт орын алғандығы туралы хабарлама түсті. Төрт бөлмелі тұрғын үйде жалпы ауданы 80 шаршы метр өрт шарпыған. Өрт сағат 10.16-да оқшауланды, сағат 11.00-де толығымен сөндірілген",– дейді ТЖМ-дан.

Арыстанбек Машраптың жағдайы өрт сөндіру кезінде нашарлапты. Өрт сөндіруші Ақсу ауылдық дәрігерлік амбулаториясына ес-түссіз күйде жеткізілген. Кейін дәргерлер оның қайтыс болғандығын хабарлапты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Ал тағы бір өрт сөндіруші ауруханаға жатқызылған.

"1995 жылы туған № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау кіші сержанты Ермек Тұрлыбеков ауруханаға жеткізіліп, Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды",– деп жазылған министрліктің баспасөз хабарламасында.

Адамдарды құтқару үшін өз өмірін қиған ТЖ қызметкерлерінің ерлігі ерен. 1991-2021 жылдары аралығында қызметтік міндеттерін орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу