Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы саласында ғылыммен айналысатын мамандардың саны 8%-ға төмендеді, ғылыми дәрежесі бар ғалымдардың орташа жасы – 57 жас, бас ғылыми қызметкерлердің орташа жасы – 65 жас, жетекші және аға ғылыми қызметкерлердің– 54 жас, кіші ғылыми қызметкер – 30 жас болып табылады. Зейнеткерлік жасындағы ғалымдар 15% құрап отыр. Экономиканың басқа секторымен салыстырғанда, ғалымдардың орташа жалақы мөлшері біршама төмен. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Ал халықаралық тәжірибеге сүйенсек, бизнес-қауымдастық өкілдері тарапынан ғылымды қаржыландыру үлесі Люксембургте – 80%, Жапония мен Германияда – 70 %, в Финляндия, Швеция, Қытай, АҚШ-та – 65%, Францияда – 54 % құрайды. Ал бұл көрсеткіш біздің елімізде небәрі 5% құрап отыр.
Мамандардың жасының ұлғайуы, ғалымдардың басқа салаға ауысуы, жастардың ғылымға қызықпауынан ауыл шаруашылығы ғылымының деңгейі төмендеп отыр.
Тәуелсіздік алған 25 жылда ауыл шаруашылығы саласы бойынша "Болашақ" бағдарламасы арқылы тек 70 жас маман білім алып, өздерінің біліктіліктерін арттырған.
Қазіргі таңда ауылда маман тапшы. Жоғары оқу орнын мемлекеттік грантпен бітірген түлектердің 50% ғана ауылды жерлерде жұмыс жасайды.