Жол қозғалысының қауіпсіздігіне бірқатар фактор ықпал етуде. Олардың қатарында автопарктердің көбейіп кетуі, жолдардың жай-күйі және көліктегі құқық заңбұзушылықтар профилактикасының босаңдығы бар. Бұл ахуал автомектептерде жүргізушілерді даярлау сапасының төмендігіне және жүргізуші куәліктерін заңсыз алу мүмкіндігіне байланысты шиеленісе түсуде, деп хабарлайды Atameken Business.
Мәселен, прокурорлар 3 мыңнан астам адамға жасанды медициналық анықтама негізінде, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған 923 адамға жүргізуші куәліктерінің берілу фактілерін анықтады. Жалпы еліміз бойынша 833 автомектеп жұмыс істейді. Алайда олардың басым көпшілігінің қажетті материалдық-техникалық базасы жоқ.