Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға және нәтижелі жұмыспен қамтуды жүзеге асыруға 55,3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы парламенттік тыңдауда айтылды.
"Қаражаттың 86% немесе 37,4 млрд теңгесі игерілді. Ауыл шаруашылығы өкілдеріне 9 646 микрокредит берілді. 20,7 млрд теңге стартап-жобаларды қаржыландыруға бағытталды. Бағдарламаны іске асыру аясында биыл ауылдарда 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. "Ауыл – ел бесігі" жобасы жалғасып жатыр. Бүгінге дейін "ҚазАгро" 1691 жұмыс орнын құрып, 1128 жобаны қаржыландырды", – деді ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу