600-ге жуық алтын жәдігер қойылды

2227

"Сакралды Қазақстан" жобасының аясында ұйымдастырылған көрме Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкентану музейінде өтіп жатыр. 

600-ге жуық алтын жәдігер қойылды

Өскемендегі "Сакралды география"  атты көрмеде 600-ге жуық алтын бұйым қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сакралды Қазақстан" жобасының аясында ұйымдастырылған көрме Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкентану музейінде өтіп жатыр. Берелдегі "Патшалар жазығы", Шілікті қорымы мен Елеке сазы жайлауынан қазылған археологиялық жәдігерлер  30 қыркүйекке дейін 4200 адамның назарына ұсынылмақ.

"Көрменің басты жәдігері – "Алтын адам". Одан бөлек 1200 экспонат қойылған. Соның тең жартысы алтын бұйымдар. Сақ және ғұн, көне түркі қорымдарынан табылған археологиялық заттар Алтай баурайындағы көшпелі өркениеттің қаншалықты озық болғанын көрсетеді. Қыркүйектің ортасына қарай бұлардың қатарын жаңа жәдігерлер толықтырады. Биылғы археологиялық қазба жұмыстарыкезінде табылған бұйымдарға арнайы орын қалдырып қойдық. Олар қазір қайта жөндеуден өтіп жатыр",- дейді музейдің тарихшы-археолог маманы Галина Кущ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу