600 мың қорап темекіні шекарадан заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

911

"Жайсан" шекара автобекетінде акциздік маркалары мен құжаттары жоқ қораптағы темекілер табылды. Қораптар қарбыздың астына жасырылған.

600 мың қорап темекіні шекарадан заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мемлекеттік шекарадан өткен Volvo маркалы автокөлігіне тексеру кезінде, құжатсыз 612 500 қорап темекі тәркіледі.

Осы факті бойынша барлық материалдар ҚР Қылмыстық Кодексінің 233, 234 баптарына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу