700 адам қысқартылып, 2 млрд теңге үнемделді – Әділет министрлігі

529

Қысқарту келесі жылы да жалғаспақ.

700 адам қысқартылып, 2 млрд теңге үнемделді – Әділет министрлігі

Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту шарасы Әділет мнистрлігін де айналып өткен жоқ. Бүгінге дейін министрліктің барлық аумақтық департаменттері мен орталық аппаратынан 700-ге жуық мемлекеттік қызметкер қысқартуға ұшырапты. Ведомстводағы кадр қызметінің басшысы Қасымқожа Өміров осындай мәлімет берді.

"Биылғы ақпанынан бері Әділет министрлігінің барлық аумақтық департаменттері факторлы-балдық шкала жүйесіне өтті. Осының арқасында бұрын конкурстарда бір орынға бес адам таласса, қазір бір бос орынға үміткерлердің саны 13 адамға дейін жетіп отыр", – деген министрлік өкілі қысқартудан үнемделген қаражаттың есебін берді. 

"700-ге жуық қызметкерді қысқарттық. Бұл біздегі барлық мемлекеттік қызметкердің 30 пайызындай болады. 30 мың шаршы метр кеңсе ғимараты, 109-дай автокөлік шығарылды. Қысқартылған қызметкерлердің 30 пайызға жуығы басшылық құрамда болғандар. Осының арқасында 2 млрд теңгеден астам  қаражат босады. 1 ақпаннан бастап барлық үнемделген ақша аумақтық әділет департаменттеріне факторлы-балдық шкаланы енгізуге жұмсалды. Яғни еңбекақыны  өсіруге бағытталды. Айлық орташа есеппен алғанда, 63 пайызға көтерілді", – деді ол.

Оның айтуынша, биылғы қысқарту  министрлікке қарасты мемлекеттік қызметкерлердің 10 пайызын қамтыпты. Ал 2021 жылы тағы 15 пайыз маман қысқартуға түседі. Барлық аумақтық департаменттерге бұл туралы ескертілген де көрінеді.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу