"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрі үшін Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылған
"Азаматтарды сақ болуға шақырамыз. Ескерту хабарламасын назарға алып, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қыста көлікпен алыс жолға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде біліп алған жөн. "112" қызметінен ресми ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет", – дейді ол.
Оның айтуынша, қатты боран, бұрқасын болса, жүргізуші жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуы ықтимал. Тіпті жол апатына да тап болуы мүмкін.
"Егер қандай да бір елді мекенге шұғыл баруыңыз керек болса, теміржол көлігін пайдалануға кеңес береміз", – дейді ресми өкіл.
Ресми өкіл "Қазавтожол" ҰК сайтында жабылған жолдардың картасын көруге болатынын, 1403 немесе 112 құтқару қызметінің телефон нөмірі арқылы тиісті ақпаратты алуға болатынын еске салды.
Сондай-ақ, "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы да мәліметті нақтылауға болады.