"ADAL" саяси партиясынның кезектен тыс съезі өтіп жатыр

1112

Партия сайлауалды бағдарламасының бес негізгі бағытын ұсынды. 

"ADAL" саяси партиясынның кезектен тыс съезі өтіп жатыр

Жиналыс барысында "ADAL" партиясынан Мәжіліс Парламентіне депутаттыққа үміткерлердің партиялық тізімі бекітіліп, сайлауалды бағдарламасы талқылануда.

Съезде партияның сайлауалды бағдарламасының жобасында барлық азаматтың лайықты өмір сүруі, кәсіпкерлікті жетілдіру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі, өңірлерді дамыту, адамдар үшін мемлекет құру сынды бес негізгі бағыты ұсынылды.

Партия төрағасы Серік Сұлтанғали партияға бірқатар іскер азамат қосылғанын айтты.

"Өзім іскер адам болғандықтан, партияға әр саладан қолынан іс келетін адамдарды тарттым. Бізге көбінесе қайратты, оқыған жастар келуде. Парламентке барсақ, ауыл мәселесін көтереміз. Жастарды оқытып, жұмыссыз жүргендердің нақты мамандық алуына басымдық береміз", – дейді партия төрағасы.

Саяси кеңес мүшесі Алмасбек Садырбаев партия ауыл халқының жағдайын жақсартуды көздейтінін айтты.

"Партияға келгенде жастардың көп екенін байқадым. Партия қызметі туалы айтар болсам, агроөнеркәсіптік кешенді дамытумен қатар ауыл инфрақұрылымын жетілдіруге назар аударуымыз керек. Біз ауылдың көркейіп, халықтың қалаға үдіре көшпей ауылда қалғанын қалаймыз", – деді саяси кеңес мүшесі.

Айта кетсек, 2013 жылы Қазақстанда "Бірлік" саяси партиясы құрылған еді. Ал 2020 жылдың 5 қарашасында "Бірлік" атауы "ADAL" болып өзгерді. Партияның Саяси кеңесі мүшелерінің құрамында Серік Сұлтанғали, Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Алмазбек Садырбаев, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Игорь Шацкий, Лаура Мәлікова және Мұрат Қожамқұлов бар.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу