Адамдар терроризм туралы жалған хабарламаны еріккеннен немесе мас күйде таратады

639

Телефон шалып, терроризм туралы жалған хабарлама тарататын тұлғалар мұның салдары ауыр екенін ойламайды. 

Адамдар терроризм туралы жалған хабарламаны еріккеннен немесе мас күйде таратады

Ішкі істер министрлігі экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Талдауға сүйенсек, терроризм туралы жалған хабарламаны адамдар еріккеннен, әзіл ретінде немесе мас күйде таратады. Біреулер бұл әрекетке әлдекімдерден кек алу, мекеме жұмысына кедергі келтіру, мектептегі сабақты болдырмау немесе құқық қорғау органдарының жұмысын тексеру үшін де барады. Ал кәмелетке толмағандар мұндай қылмысты достарына өзінің батыр екенін көрсеткісі келгеннен немесе сабаққа қатысқысы келмегеннен жасайды", – деді Дархан Разуев.

Оның сөзінше, терроризм туралы жалған хабарлама таратқаны үшін сотталғандардың 48-55%-ы қылмыс жасаған кезінде қатты мас болған. 

"Жалған террористтің" әлеуметтік портретіне келетін болсам, барлық қылмыстың 88%-ын жұмыссыздар жүзеге асырған. Тек 9%-ын жұмыс істейтін азаматтар жасаған. Ал 3%-ын оқушылар орындаған. Терроризм туралы жалған хабарлама тарататындардың орташа жасы 30-49 жас аралығын құрайды. Дәл осы жас аралағындағы азаматтардың 55%-ның терроризмге қатысты жалған хабарламаға қатысы болған. Қаскөйлердің арасында 18-29 жас аралығындағы жастардың көрсеткіші 27%-ды құрайды", – деді Дархан Разуев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу