COVID-19 пандемиясы кесірінен Air Astana әуе компаниясы Халық банктегі кредит желісін 160 млн долларға дейін өсірді. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан басылымы хабарлады.
"Компаниялар тобы 115 млн долларға дейін кредит желісін алды. Кейін маусым айында өзгертілген шарттар бойынша бұл сома 160 млн долларға дейін көбейді. Қарызды өтеу мерзімі 2023 жылға дейін ұзартылды. Жаңартылатын кредит желісі бойынша бекітілген келісімнің мерзімі 2025 жылдың 10 қыркүйегіне дейін созылады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл қарыз айналымдағы қаржыны толтыру үшін алынған. Өйткені карантин салдарынан көптеген рейс қысқартылып, кейбіреулері мүлдем тоқтады. Осының салдарынан компанияның қаржы ағыны азайған.
Табиғат Нұрболат