Әйелдерге арналған ипотекаға құжаттар қашан қабылданатыны белгілі болды

1904

Азия даму банкі мен ТҚЖБ әйелдерге арналған ипотекаға 38 млрд теңге бөлген.

Әйелдерге арналған ипотекаға құжаттар қашан қабылданатыны белгілі болды

Atameken Business тілшілерінің сұрағына жауап берген Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілі жаңа бағдарламаның талаптары мен шарттары келер жылдың басында жарияланатынын әрі құжаттар қаңтар айының екінші жартысында қабылдана бастайтынын айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, Азия даму банкі мен ТҚЖБ әйелдерге арналған ипотекаға 38 млрд теңге бөлген. Келісім бойынша жаңа салынып жатқан үйлермен қатар қайталама нарықтағы баспана да қарастырылады. Несие 30 млн теңгеге дейін беріледі. Егер жалақы 200 мыңнан төмен болса, алғашқы жарна ретінде жалпы соманың 15 пайызын құю керек. Ал 200 мыңнан жоғары болған жағдайда – 20 пайыз. Банктегілер жаңа жобада ауыл әйелдері мен табысы төммен жандарға басымдық берілетінін айтты. Жалпы қыз-келіншектердің 60 пайызы қамтылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу