Әкесін азаптап өлтірген шардаралыққа шыққан үкімге прокуратура қарсы шықты

170

Түркістан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылында әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып, азаптаған 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты шыққан сот үкіміне прокуратура наразылық білдірді.  

Әкесін азаптап өлтірген шардаралыққа шыққан үкімге прокуратура қарсы шықты Фото: Түркістан облысы ПД

Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы шешімімен ол "Қинау" және "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" баптары бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алайда Түркістан облыстық прокуратурасы бұл жазаны жеткіліксіз деп есептеп, үкімге апелляциялық тәртіппен наразылық жолдады.

– Сот үкімімен келіспеген Шардара ауданының прокуратурасы сотталған азаматқа тағайындалған жазаны қатаңдату туралы апелляциялық өтінішхат енгізді, – деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда іс апелляциялық сатыда қайта қаралуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу