Ақмола облысында қоқыстың тек 8,7%-ы өңделеді

928

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақмола облысында қоқыстың тек 8,7%-ы өңделеді

Министрліктің мәліметінше, өңірдегі экологиялық жағдайы басқа өңірлермен салыстырғанда қолайлы. Табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру есебінен ластаушы заттардың шығарындылары 13%-ы төмендетіліп, 118 мың тонна болды.

"Алайда қалдықтарды басқару инфрақұрылымының нашар дамуы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің едәуір саны облыстың негізгі проблемасы деп айтуға болады", – деді Серікқали Брекешев.

Сондай-ақ Ақмола облысында 2021 жылдың қорытындысы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі 8,7% болды. Бұл Қазақстан бойынша ең төменгі көрсеткіш. 

Өңірде бөлек жинау – 10, ал сұрыптау – 7 елді мекенде ғана енгізілді, ал еліміз бойынша 205 кәсіпорынның үшеуі ғана өңірде қалдықтарды басқару бойынша жұмыс істейді.

"Бүгінде Көкшетау және Степногорск қалаларында КТҚ 90%-ға дейін тозған және күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды талап етеді. Биологиялық тазарту құрылыстары Целиноград ауданының Қосшы және Ақмол кенттерінде және Щучинск қаласында ғана іске қосылды. Бурабай ауданында жаңа КТҚ құрылысы жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу