Ақмола облысында жоғалған полицей өлі табылды

1009

Ақмола облысында жоғалған полицей өлі табылды

Көкшетау ішкі істер басқармасының іздестіріліп жатқан қызметкері Дархан Еламанов өлі күйінде табылды, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне офицердің әкесі.

"Ұлымның денесін таңертең Жамантұз ауылының сыртынан таптық деді", – деп мәлім етті полицейдің әкесі Марат Еламанов.

Әкесінің айтуынша, офицерді  әріптесі өлтірді деген күдік бар.

"Үйге полиция қызметкерлері келді, оны ұстадық деді. Ұлымның қаруы сонда болыпты. Балам оққа ұшыпты, мәйіт әлі мәйітханада, бізге оны әлі көрсеткен жоқ", – деді М.Еламанов.
Ақмола облысының прокуратурасы агенттікке полицейдің өлімін растады.
Алайда ІІД қандай да бір түсінік беруден бас тартты.
Бұған дейін хабарланғандай, Ақмола облысының полициясы  Көкшетау ішкі істер басқармасының қызметкері Дархан Еламановқа іздеу жариялаған.

27 жастағы полицияның аға лейтенанты 25 желтоқсан күні кешкісін жоғалған. Жоғалған азаматты іздеуге Ақмола облысының ІІБ жеке құрамы жұмылдырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу