АҚШ елшісі Джордж Крол қазақтың ұлттық биі - қара жорға биледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дипломаттың билеп жатқаны түсірілген видео елшіліктің Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған.
"Би мен әннің тілі - баршаға ортақ. Би - ойды, көңіл-күйді, мәдениетті білдіреді. Бүгін халықаралық би күні. Билеңіздер, достар", - делінген видеодағы жазбада.
Айта кетейік, Джордж Крол қазақстандықтарды ұдайы қазақ тілінде құттықтайды. Соңғы рет Тәуелсіздік күнінің құрметіне ыстық лебізін білдірген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу