АҚШ Қазақстанның ядролық нысандарының қауіпсіздігін тұрақты түрде бағалауды көздейді – БАҚ

1002

АҚШ Қорғаныс министрлігі шілде айының ортасында Өскемен қаласында ядролық қауіпсіздік курсын өткізді. 

АҚШ Қазақстанның ядролық нысандарының қауіпсіздігін тұрақты түрде бағалауды көздейді – БАҚ  Фото: Kursiv.kz

Америкалық әскерилер бір апта бойы ядролық нысандарды қорғайтын Қазақстан Ұлттық ұлан жауынгерлерінің дайындық деңгейін бағалады, деп жазады inbusiness.kz ia-centr.ru порталына сілтеме жасап.

Порталдың жазуынша, келешекте құрама штаттар мұндай тексерулерді жүйелі түрде жүргізгісі келеді. АҚШ елшілігінің мәліметінше, Пентагон дағдарысқа қарсы оқу орталығында нұсқаушылар штатын орналастыруды жоспарлауда.

Вашингтон Астанамен әскери салада 2000 жылдан бастап ынтымақтастық орнатты. 2003 жылы екі ел арасында алғашқы бес жылдық әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

"Қазақстандық тараппен ынтымақтастықты күшейте отырып, Пентагон екі міндетті шешеді. Біріншіден, елдегі ядролық объектілерді қорғау туралы деректерді жинауды күшейтеді. Екіншіден, бірқатар жергілікті әскери және шенеуніктердің қолдауына ие болуға тырысады", - деп хабарлады портал.

РҒА АҚШ және Канада институтының аға ғылыми қызметкері Игорь Шкробтак айтуынша, мұндай кооперацияны құру мүмкіндігі шектеулі.

"Америкалық әскери техника Астана үшін қымбат қана емес, сонымен қатар Қазақстанның күштік ведомстволары пайдаланатын кеңестік, қытайлық, ресейлік және түрік техникаларымен әлсіз үйлеседі. Қазақстандық күштер мен әскери күштер үшін жарақтандыру мен құрылымдық бөлімшелердің айырмашылығына байланысты америкалық тәжірибе өзекті емес. Үшіншіден, қытай, түрік және ресейлік қару-жарақ жеткізушілері қазақстандық нарыққа тығыз интеграцияланған, онда АҚШ Әскери-теңіз күштерінде қысым рычагтары жоқ", - деді Игорь Шкробтак.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу