Нью-Мексико штатындағы Waste Isolation Pilot Plant ядролық қалдықтар қоймасының төбесі ойылып, ортасына түсті, деп хабарлайды Las Cruces Sun-News-ке сілтеме жасап 24 Хабар.
Карлсбад қаласындағы радиоактивті қалдықтар сақтау қоймасында жұмыс істейтін қызметкерлердің барлығы қауіпсіз жерге дер кезінде көшірілді. Жергілікті билік радиоактивті заттардың ауаға таралмағаны туралы мәлімдеді. Бірақ, қоймаға келген тау-кен өндірісі мамандары, геологтар мен радиологтар мәселенің қаншалықты күрделі екендігін және оның ықтимал салдарын нақты анықтайтын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу