Еліміздің көптеген аумақтарында Шу алқабынан марихуана тасымалдаған азаматтар ұсталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері марихуананы сақтау үшін индустриялық аймақта боксты жалға алған Тараз қаласының тұрғынын ұстады.
Тінту жүргізу кезінде, жалпы салмағы 71 келі марихуана салынған 200 литрлік металл бөшке тәркіленді.
Ұсталған адам полицияның назарын аудармау үшін марихуананы Шу қаласынан ауылдық жолдармен алып шыққанын мойындады.
Сол индустриалды аймақта іздеу шараларын жүргізу кезінде тағы бір жергілікті тұрғын анықталды, салмағы 1 келіден асатын марихуана жалдамалы бокстан табылды.
Ұсталғандар кінәларын мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған екі адамның арасындағы байланысты орнату үшін қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.