Ақтауда аққуларды жаппай қырылудан аман сақтау жолы қандай?

423

"Қаракөл көліне жем тасу дұрыс емес".

Ақтауда аққуларды жаппай қырылудан аман сақтау жолы қандай? Фото: А.Садатқызы

Құстардың ашығудан өлуі мүмкін деген нұсқа екіталай. Сол себепті азықтандыру идеясы Қаракөл көлінің бірегей экожүйесіне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылым жөніндегі директоры Сергей Скляренко мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

Сарапшы құстар өлімінің әртүрлі себептері бар екенін атап өтті: құс тұмауы мен ашығу, улану. Өлімнің нақты себебін тек зерттеу арқылы анықтауға болады. Алдын ала нәтижелер олардың құс тұмауынан өлгенін көрсетті, бұл олардың ашығудан өлу ықтималдығын жояды. Сергей Скляренко нақты нәтижелерді күткен дұрыс деп санайды, өйткені кешенді бағалау маңызды.

"Маңғыстауда ботулизмге байланысты үйректердің жаппай қырылу оқиғасы болды, бірақ аққуларға қатысты қорытынды жасауға әлі ерте. Қыстайтын құстардың алыс қашықтықта жем іздеу қабілетін ескере отырып, құстардың дұрыс тамақтанбау нұсқасы екіталай болып көрінеді. Олар үшін жүздеген шақырым кедергі емес, бұл оларға өмір сүрудің оңтайлы жағдайларын таңдауға мүмкіндік береді. Егер Қаракөл көлінде аққуларға қолайсыз болып, аштық сезінсе, басқа жерге ұшып кетер еді", - дейді Сергей Скляренко.

Аққулар ашығудан өлмегендіктен, құстарды тамақтандыру идеясы негізсіз болып саналады. Сондықтан сарапшы тамақтандыру, Қаракөл көлінің экожүйесіне аса қауіп төндіретінін атап өтті.

"Аққулар негізінен балдырлармен қоректенетінін ескерсек, Қаракөл көліне жем тасу дұрыс емес. Онда аққуларды тамақтандыру ақылға қонымсыз болып көрінеді. Өйткені бұл судың ластануына және улануға, құстар мен экожүйеге зиян келтіруі мүмкін. Егер аққулар қатты аяз кезінде қатып қалса ғана, араласуға болады, мұндай жағдайда олар құтқаруды қажет етеді. Алайда, басқа жағдайларда көмек көрсету тиімсіз", - деді сарапшы.

Оның пікірінше, аққуларды құтқару және Қаракөл көлінің экожүйесін сақтау орнитологтардың мұқият зерттеулерінің және Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының күшейтілген қорғауының арқасында ғана мүмкін болады.

"Бұл жағдайда вакцинация жасау мүмкін емес, өйткені біз табиғатта қыстап кететін құстар туралы айтып отырмыз. Су қоймасына кіруді шектеу және құс фабрикалары мен үй құстарының аулаларында қауіпсіздікті күшейту - бұл қалыпты алдын алу шаралары. Осыларды сақтау керек", - дейді ол.

Сонымен қатар, аққуларда құс тұмауының анықталуына байланысты карантин жарияланған жоқ.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірбек Нұртазин мұны қазіргі уақытта үй жануарлары мен құстардың арасында өлім-жітім фактілері жоқ, үй құстарында ауру белгілері байқалмайтындығымен түсіндірді.

"Карантин құс еті немесе құс фабрикалары арасында өлім болған жағдайда заңнамалық деңгейде жарияланады. Мұндай жағдайларда мемлекеттік инспектор үй жануарлары немесе құстар арасында аурудың өршу ошағын эпизоотиялық тексеру актісі негізінде және зертханалық зерттеулердің оң нәтижесі кезінде ауылдық округ әкіміне карантин немесе шектеу қою туралы шешім шығару туралы ұсыныс береді. Үй құстары арасында өлім немесе ауру белгілері тіркелмегендіктен, елдімекендерде үй құстары арасында карантин қоюға негіз жоқ", - деп түсіндірді Темірбек Нұртазин.

Маңғыстау облысында қазіргі уақытта 6 мың құс егілген.  Алайда, ағымдағы жағдайды ескере отырып, құс тұмауының үй құстары арасында таралуын болдырмау үшін қосымша вакцинация жүргізілмек. Оған тәуекел аймақтарындағы ауыл шаруашылығы құстарының барлығы кіреді. Қазір аймақтағы үй құстары арасындағы тұмаудың эпизоотиялық жағдайы тұрақты және бақылауда.

Қарақия - Қаракөл табиғи қорығының Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылу себептерін анықтау жұмыстары жалғасуда.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу